Афина төңкерісі (б.з.д. 411 ж.) — Пелопоннес соғысы кезінде (Афина мен Спарта арасындағы) орын алған төңкеріс нәтижесінде болған оқиға. Бұл төңкеріс ежелгі Афинадағы демократиялық билікті құлатып, орнына қысқа мерзімге ғана билік еткен «Төрт Жүздік Кеңес» (олигархия) құрылды.

Б.з.д. 413 жылы Афина әскери күштерінің Сицилия жорығындағы сәтсіздігінен туындаған қаржылық дағдарыс аясында, ұзақ уақыт бойы қаланың кең ауқымды демократиялық жүйесін ұнатпаған беделді афиналық азаматтар билікті бай-элитаға беруді көздеді. Олар сыртқы саясатты, қаржыны және соғысты қазіргі үкіметке қарағанда жақсырақ басқара аламыз деп есептеді."Thomas R. Martin, An Overview of Classical Greek History from Mycenae to Alexander". Perseus Digital Library, Tufts University.

Бұл олигархиялық қозғалысты Самос аралындағы Афина әскерінде билікке ие болған ықпалды әрі ауқатты азаматтар бастап, оны Алкивиадпен біріге отырып ұйымдастырды.

Алғышарттар Пелопоннес соғысы басталғанға дейін Афинадағы демократиялық басқару шамамен 100 жылдай жұмыс істеп тұрған еді.Kagan, Donald (1991). The Fall of the Athenian Empire. Cornell University Press. ISBN 0-8014-9984-4, p. 253. Жоғарғы таптың көпшілігі бұл басқару формасын қабылдап, кейбірі оның ішінде басшылыққа таласса, кейбірі сырттай бейтарап қалып отырды. Соғысқа дейінгі кезеңде Афинаның жетекші саясаткерлерінің көбі ақсүйек отбасыларынан шыққан болатын. Алайда қала-мемлекет ретінде Афинадағы демократиялық құрылым грек әлемінде ерекше жағдай еді, себебі басқа грек полистерінің көбі немесе тираниямен, немесе (жиі жағдайда) олигархиямен басқарылатын.Kagan, Donald (1987). The Fall of the Athenian Empire. Ithaca: Cornell University Press. Фукидид пен Аристотель екеуі де: «Бұл төңкерісті Сицилияда жеңілу арандатты» деп жазған.Osborne, R. (2010). Athens and Athenian Democracy. Cambridge: Cambridge University Press. p. 273.

Ақсүйектер мәдениетінің ықпалы Афинадағы демократиялық құрылымға қарамастан, грек дәстүрі өзінің аристократиялық сипатында қала берді, ал Гомердің еңбектері ақсүйектердің дүниетанымын мадақтап, шешімдерді ақсүйектер қабылдап, қарапайым халық бағынатын тәртіпті дәріптейтін.Kagan, Donald (1991). The Fall of the Athenian Empire. Cornell University Press. ISBN 0-8014-9984-4, p. 106.

Мегаралық Феогнид (б.з.д. VI ғасыр) пен фивылық ақын Пиндар (б.з.д. V ғасыр) жазған өлеңдер сол кезеңдегі афиналық ақсүйектер арасында кең таралған болатын. Бұл шығармалар демократияны адамгершілікке жат, әділетсіз құрылым ретінде суреттеп, игі (яғни ақсүйек текті) адамдардың төмен шыққан тектілермен жасанды түрде теңестірілуіне қарсы болды. Бұл өлеңдерге сәйкес, парасат, ұстамдылық, әділдік, ар-ұят сынды қасиеттерді үйренуге болмайды, олар тек тумысынан санаулы адамдарға ғана тән, ал қалғандары «ұятсыз әрі паң» болады деп сипатталды. Бұл ақындар халықты тумысынан жоғары тұрған ақсүйектермен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықты білім арқылы жою мүмкін емес екенін меңзеді.Kagan, Donald (1991). The Fall of the Athenian Empire. Cornell University Press. ISBN 0-8014-9984-4, p. 106-107.

Соғыс кезінде «Афиналық полития» атты памфлет жарық көрді, оны қазіргі зерттеушілер «Ескі Олигарх» деп атайтын автор жазған деп есептеледі.Kagan, Donald (1991). The Fall of the Athenian Empire. Cornell University Press. ISBN 0-8014-9984-4, p. 108. Бұл автор демократияны мазақ етіп, былай деп жазған: «Афиналықтардың конституциясына келсек, мен олардың оны таңдағанын мақтамаймын, өйткені олар оны таңдау арқылы игілік пен артықшылықты жақсы адамдарға (chrestoi) емес, керісінше, қарапайым халыққа (poneroi) берген» деген.Kagan, Donald (1991). The Fall of the Athenian Empire. Cornell University Press. ISBN 0-8014-9984-4, p. 109 - Pseudo-Xenophon, Athenaion Politeia, 1. 1, 3.

Аталған конституцияда жайлы, еңбекақысы бар қызметтер азаматтарға жеребе арқылы тағайындалатын, ал қауіп-қатерге толы қызметтер — мысалы, стратег (бас қолбасшы) немесе атты әскер командирі — тек «ең лайықты» адамдар сайлау арқылы тағайындалатын жүйе қарастырылған. Бұл автор және оған ұқсас ойдағы адамдар Спарта мен Коринф сияқты полистердегі еуномияны («жақсы заңдар») мадақтады. Олар Афинаның көрші мемлекеттер сияқты тек «ең жақсы және ең білікті» адамдарға ғана мемлекеттік істерге араласуға және заң шығаруға мүмкіндік беретін жүйені қабылдағанын қалады. Мұндай жағдайда, олардың пікірінше, халық «өздігінен құлдыққа түсетін» болады.Kagan, Donald (1991). The Fall of the Athenian Empire. Cornell University Press. ISBN 0-8014-9984-4, p. 109.Low, P. (2008). The Athenian Empire. Edinburgh: Edinburgh University Press. p. 258.

Қаржылық жүктеме Пелопоннес соғысы Афинадағы ауқатты таптарға бұрын-соңды болмаған қаржылық ауыртпалық әкелді, және бұл ауыртпалық соғыс ұзаққа созылған сайын үдей түсті. Әскери шығындар бастапқыда да елеулі болғанымен, кейін Пелопоннес флоты афиналықтардың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін үземіз деп қауіп төндірген кезде, шығындар күрт өсті. Бұл қауіпке жауап беру үшін афиналықтар жыл бойы теңізде мүмкіндігінше үлкен флотты ұстауға мәжбүр болды. Сол уақытта азаматтарға бөлінетін қоғамдық шығындар азайтылмаған, керісінше көбейтілген еді. Сонымен қатар, бағынышты мемлекеттердің көтеріліс жасап, салық төлеуден бас тартуы, және соғыстың салдарынан сауданың төмендеуінен кедендік алымдардың азаюы — мұның бәрі Афинаның мемлекеттік қазынасына үлкен қысым түсірді.

Экономикалық жағдайдың нашарлағаны сонша, мемлекеттік, діни және әскери міндеттемелерді қаржыландыра алатын ауқатты азаматтардың саны азайып кетті. Соғысқа дейін гоплиттер санатына еніп, соған байланысты литургияларды (яғни қоғамдық қызметтер мен шығындарды) атқара алатын ер азаматтардың саны шамамен 25 000 болған. Ал 411 ж. дейін (оба, соғыс құрбандары мен экономикалық күйзеліс салдарынан) бұл сан 9 000-ға дейін қысқарды.Donald Kagan (1987). The Fall of the Athenian Empire. Cornell University Press. p. 2. Бұл полистің шығындарын көтере алатын азаматтар санының күрт азайғанын білдіреді. Тарихшы Дональд Каганның ежелгі деректерге сүйене отырып жасаған есебіне сәйкес, Афина полисі ауқатты азаматтарға 411–404 жж. аралығында жеті жыл ішінде соғыс салығы, діни қызметтер және басқа да міндетті шығындар бойынша 2,5 талант (1 талант = 6 000 драхма) жүктеген. Каган былай деп ескертеді: «Талант 6 000 драхмаға тең болса, ал бір драхма V ғасырдың соңында өте жақсы күндік жалақы саналған. Сол кезде Афина флотында ескекші ретінде қызмет еткен азаматтар сол күнде жарты драхмаға өмір сүретін».

Ауқатты афиналық азаматтардан арнайы соғыс салықтары мен діни міндеттерден бөлек мынадай қоғамдық шығындар күтілетін: комедиялық және трагедиялық драмалардың қойылымын қаржыландыру; хор жарыстары, бишілер, спорттық сайыстар мен трирема (әскери кеме) жарыстарына демеушілік жасау; соғысқа арналған триремаларды жабдықтау; триерарх (әскери кеме басшысы) сияқты міндеттерді атқару; және эйсфора деп аталатын ерекше салықты төлеу — бұл өте байларға салынатын салық еді және тек қажет болғанда, әдетте соғыс кезінде жиналатын.

Каган көне деректерге сүйене отырып былай дейді: «Афинаның ең бай адамдарының бірі Никий, көзі кеткен соң, 100 таланттан аспайтын мұра қалдырды деп күтілді, ал оның ұлы (ысырапшыл ретінде танымал болмаған) мұрагеріне бар болғаны 14 талант қалдырған». Каганның тұжырымы: «Пелопоннес соғысы кезінде көптеген афиналық отбасылардың байлығы мемлекеттік қызметтерге байланысты едәуір азайғанына негіз бар. 411 жылға қарай, әсіресе Сицилия апатынан кейінгі жылдары, бұрын-соңды болмаған шығындар ауқатты таптар үшін қатты сезіле бастады. Болашақта да осындай немесе одан да үлкен талаптар болатынын олар елестетуі қиын емес еді».

Ауқатты азаматтардан талап етілген төлемдерге қарамастан, Афина империясының қаржылық жағдайы дағдарыста қалды. 411 ж. маусымында Самостағы афиналық басшылар әскерлеріне енді жалақы да, жабдықтар мен басқа да қажеттіліктерге қаражат күтуге болмайтынын хабарлады. Көне тарихшы Ксенофонттың айтуынша, сол жылдың қысында Геллеспонттағы генералдар әскерді жаттықтыру немесе басқа міндеттермен айналысу орнына, уақыттарын демеушілік іздеуге жұмсауға мәжбүр болған.

Басшылықтың ауысуы Афина қоғамындағы наразылықты күшейткен жайттардың бірі — б.з.д. 415 жылға қарай бұрынғыдай құрметке ие ақсүйек саясаткерлер (мысалы, Кимон, Перикл және Никий) орнын төмен әлеуметтік таптан шыққан адамдар (мысалы, Клеон, Гипербол және ақсүйек текті болғанымен жаман атаққа ие Алкивиад) басуы болды. 415 жылы Алкивиад құдай Герместі қорлады деп айыпталып, сырттай өлім жазасына кесілді. Осы үкімнен құтылу үшін ол Спартаға қашып барып, олардың қызметіне кірді.

Беделді саяси көшбасшылардың болмауы афиналық қоғамда алауыздықты арттыра түсті. Б.з.д. 415 жылға қарай «Гетерия» деп аталатын клубтар саяси ықпалға ие болып, демократияға қарсы шыққандар үшін бас қосатын орынға айналды. Сицилиядағы әскери сәтсіздіктен кейін қала-мемлекеттің саяси құрылымына деген наразылық қарапайым халық арасында да күшейе түсті.

Бұрынғы қастандықтар туралы сыбыстар Көне заман тарихшысы Фукидидтің айтуынша, Афина демократиясын құлатуға деген астыртын әрекетке күдік б. з. д. 457 жылы Танагра шайқасына дейін-ақ пайда болған. Сондай-ақ, б. з. д. 415 жылы Сицилия жорығының алдында демократиялық билікті төңкеруге қатысты қастандық туралы сыбыстар шыққан болатын.

Алкивиадтың қатысуы Толыққанды демократияға деген берік ұстаным мен оның халық арасындағы кең қолдауы соншалық, тіпті әскери және қаржылық саясаттың сәтсіздігіне, оны жүзеге асырудағы дәрменсіздікке, беделді басшылардың жетіспеуіне, халыққа түскен ауыр салықтық жүктемеге, және толық жойылып кету қаупіне қарамастан, б.з.д. 411 жылғы төңкерісті бастамалаған афиналық ақсүйектер емес еді. Бұл идея қаланың сыртынан, Алкивиадтың бастамасымен келді.Encyclopædia Britannica, The Peloponnesian War.

Алкивиад, сол кезде көрінгені бойынша Спартаның қызметінде болғанымен, батыс Анатолиядағы парсы сатраптарынан, мысалы, оған қорған бола білген Тиссаферннен, Афинаға қажетті қаржылай көмек алып бере алатынын айтып, олигархтардың арасында дамып келе жатқан идеяны қоздырды. Бірақ бұл көмек Афина демократиясын жою шартымен берілетін еді. Бұл сонымен қатар Алкивиадтың қуғыннан оралуына жол ашатын. Оның парсылармен жүргізген келіссөздері спарталықтардың күдігін туғызды, өйткені олар Алкивиад өз мүддесін ғана көздеп жүр деп қауіптенді. Сонымен қатар, ол Спарта патшаларының бірін — Агис II-ні — әйелін азғыру арқылы ашуландырғаны туралы хабарлар тараған.

Алкивиад Афинаның ықпалды қолбасшыларына, триерархтарға (әскери кемелерді жабдықтауға жауапты бай азаматтар) және басқа да ықпалды тұлғаларға хат жолдады, олардан өзіне қолдау білдіруге көмектесуді сұрап, өзін «ең таңдаулы адамдарға» (яғни ақсүйектерге) айтып қоюларын өтінді. Ол хаттарында өзінің Тиссафернге әсері барын атап көрсетуді, Афинаға оралғысы келетінін, бірақ тек оны қуғындаған әділетсіз және төменгі тапқа сүйенген демократия орнына олигархия орнаған жағдайда ғана қайтатынын айтуын өтінді. Бұл жағдайда ол Тиссаферннің қолдауын ала келетінін мәлімдеді.

Афиналықтар бұл кезде Алкивиад пен Тиссаферннің қарым-қатынасы сенімсіз, уақытша екенін білмеген еді. Әрқайсысы өз мүддесін көздеді, сондықтан бұл одақтың ұзаққа бармайтыны айқын болатын.

Самостағы оқиға Ежелгі тарихшы Фукидидтің айтуынша, Алкивиадтың айласы іске асты, өйткені Самостағы афиналық жауынгерлер оның Тиссафернге ықпалы бар екенін байқады және өз лагерьлерінен оған елшілер жіберді. Алайда Фукидид барлық кінәні Алкивиадқа артпайды. Ол былай деп жазады:«Бірақ Алкивиадтың ықпалынан және уәделерінен де гөрі, Самостағы триерархтар мен Афинаның ең ықпалды адамдары өз еріктерімен демократияны жоюға ынталы болды».Яғни, төңкеріс Алкивиадтың ұсыныстарынсыз да болар еді, өйткені элита өкілдері демократияны жек көріп, оны құлатуға дайын тұрған.

Самос делегациясы Тарихшы Дональд Каган атап өткендей, Самостағы жауап Алкивиадтың ұсынысына қатысты екіге жарылды: Біреулер оны қолдап, олигархияны орнатудың құралы ретінде қарастырды.