Асқарбек Маратұлы Ертаев (1977 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Асқарбек Ертаев 2024–2026 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары және бірінші орынбасар қызметін атқарды.

Өмірбаяны Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді.

Ақтөбе «НҰР» менеджмент, бизнес және құқық институтын және Ақтөбе мемлекеттік университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы әкімдік аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастады.

2000 жылы Қазақстан Халық банкі, Көмірбанк, Наурыз Банк Қазақстан, БТА Банкі, Темірбанк банктерінде 2014 жылға дейін еңбек етті.

Бұдан кейін Асқарбек Ертаев Ұлттық экономика министрлігінде қызмет етті. 2014–2015 жылдары Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің мемлекеттік басқаруды дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы, 2018 жылға дейін сол департаментте басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, 2017 жылы департамент директорының орынбасары, 2018–2021 жылдары Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

2021–2022 жылдары Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі;

2022–2023 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің экономикалық бөлім меңгерушісі;

2023 жылғы ақпан–шілде айларында Үкімет Аппараты экономикалық бөлім меңгерушісі болды.

2023 жылғы шілдеде Премьер-Министр орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың бұйрығымен Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2024 жылғы тамызда атқарып отырған лауазымынан босатылып, Үкімет қаулысымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2025 жылғы маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасарына дейін көтерілді.

2026 жылғы 27 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқарбек Маратұлы Ертаевты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындады.

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан еңбек министрлері