Негидал тілі (Negidal language) — тұңғыс-маньчжур тілдері отбасына кіреді, тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады (фузиямен бірге жұрнақты аффикстенуі бар), номинативті құрылысы бар тіл ретінде сипатталады.

Референтті халық Референтті халық: негидалдар; өз атауы – элькан бэйэнин, набэйэненин («жергілікті, осындағы»).

Географиялық таралуы Негидал тілі Хабаровск өлкесінде Амгун өзенінің орта және төменгі ағысында кең таралған. Хабаровск өлкесінің Полина Осипенко ауданындағы Полина Осипенко ауылы мен Владимировка ауылында тұрады. Саны: 567 (2004 ж.). Соңғы санақ бойынша бұл тілде 150-ге жуық адам сөйлейді.

Диалектісі Негилдал тілінде бір-бірінен негізінен фонетикалық жағынан ерекшеленетін Жоғарғы және Төменгі диалектілерге бөлінеді. Жоғарғыға эвенки тілі, төменгіге улчи және нанай тілдері әсер етті. Диалектілері арасында елеусіз айырмашылықтар бар.

Жазуы Негильдал тілі – жазуы жоқ тіл, негидал тілінің жазуын М.М. Хасанова (1992) құрған болатын, бірақ әлі күнге дейін негидал тіліндегі баспа басылымдары жоқ. Әліпбиі 2009 жылы жасалған.

Негидал әліпбиі:

А а Б б В в Г г Ғ ғ Д д Е е Ё ё Ж ж З з Ӡ ӡ И и Й й К к Л л М м Н н Ӈ ӈ О о Ө ө П п Р р С с Т т У у Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я

Дереккөздер

Санат:Ресей тілдері