Флоренс Роуз Пью () — британдық актриса. Кинодағы дебюті 2014 жылы болды.

2019 жылы Пью халықаралық серпіліске ие болды: ол «Отбасыммен жекпе-жек» спорттық биографиялық фильмінде палуан қыз Пейджді сәтті сомдады, «Мидсоммар» хоррорында депрессияға ұшыраған американдық әйелді ойнады, және «Кішкентай әйелдер» тарихи драмасында Эми Марчты бейнеледі. Соңғы фильмі үшін ол Оскар сыйлығының «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» номинациясына ие болды.

2021 жылдан бастап Пью Marvel кинематографиялық әлемінде, «Қара жесір» фильмінде Елена Белованы ойнай бастады. Ол тағы «Етік киген мысық: Соңғы тілек» анимациялық фильмінде Голдилокты дыбыстады, Оппенгеймерде Джин Тэтлокты және «Дун: Екінші бөлім» фильмінде Ханшайым Ируланды ойнады.

2019 жылы Пью Еуропадағы 30 жасқа дейінгі ең ықпалды 30 адамды құрайтын Forbes 30 Under 30 тізіміне енді . 2021 жылы Time журналы оны өз салаларындағы өсіп келе жатқан жұлдыздар мен жаңадан келе жатқан көшбасшыларды қамтитын 100 Next тізіміне енгізді . 2023 жылы Time оны келесі ұрпақ көшбасшыларының тізіміне енгізді . 2022 жылы ол Empire журналының оқырмандарының сауалнамасы бойынша барлық уақыттағы 50 ең ұлы актерлердің бірі болды. Журнал Пьюді өз ұрпағының ең жақсы актерлерінің бірі деп таныды және оның жетістігін оның кейіпкерлеріне эмпатия тудыру қабілетіне жатқызды .

Дереккөздер