Жанжігіт өзені — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағадыhttps://mapcarta.com/34398112. Ұзындығы 25 шақырым.
Сипаттамасы Алматы - Тараз тас жолының солтүстігінде, Жанжігіт шатқалындағы ұсақ жылғалардан бастау алады. Бастауының биіктігі 722 метр. Солтүстік шығысқа қарай ағады.
Жағасында мал жайылымдары мен қыстақтары бар. Арнасы кең, жайылмалы. Жазда ағысы бәсеңдейді, кей жерлері үзіліп қалады. Жауын-шашын мол жылдары Жаманты өзенінен аққан сулар келіп қосылады. Қопа өзенінің салаларының бірі Кірөзекке құяды. Дереккөздер
Сілтемелер Топографиялық карта Топографиялық карта
Әдебиеттер Орталық және Оңтүстік Қазақстан. 2 шығарылым. 13 том. Балқаш көлінің бассейні / ред. Л. А. Гапоновой, К. Н. Шадских. — Л.: Гидрометеоиздат, 1967. — 303.
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері