Игнатий Тимофеевич Зорин (; 1866 жыл, Вечканово, Самара губерниясы – белгісіз) — эрзя ақыны, әңгімеші. Мокша-эрзя тарихы мен әдебиетінде белгілі болғанына қарамастан бұл тұлға жайлы ақпарат өте аз. Зориннің тек туған жері белгілі — Вечканово эрзя ауылы, Бугуруслан уезі, Самара губерниясы, Ресей империясы.

Өмірбаяны Зорин 1866 жылы Самара губерниясының Бугуруслан уезіндегі Вечканово ауылында (қазіргі Исаклы ауданы, Самара облысы) туған.

Зорин белгілі фин тілтанушысы, фольклоршы мен этнолог Хейкки Паасоненмен тұңғыш рет 1898 жылы кездесті. Профессор экспедицияға ақша алған болды да, оның информанттары болып И. Сирикин, И. Зорин, А. Шувалов, И. Школьников, А. Леонтьев, С. Цигин, Р. Учаев пен В. Савкин тағайындалды.Suomalais-Ugrilaisen seuran aikakauskirja. Journal de la societe finno-ougrienne XLVI, 1933, ISBN 951-9019-76-6 Вечкановоға келген Паасонен жергілікті халықтардың аңыз-ертегілерін жинамақ болды. Игнатий Зорин арқылы ол 100-ден астам фольклор шығармаларына қол жеткізген еді, оның 20 шамасын Зориннің өзі жазған болатын. Паасонен мен Зорин арасындағы бұл әріптестік 1900–1910 жылдары жалғасты.Mordwinische Volksdichtung. Gesammelt on Ignatij Zorin, Durchgesehen u. transkribiert von Heikki Paasonen, übers. von Kaino Heikkilä u. Paavo Ravila, Herausgeg von Martti Kahla. V. Band. SUST 161. Helsinki 1977, Suomalais-Ugrilainen Seura.

Сауатсыздығына қарамастан Зорин — мокша-эрзя әдебиеті мен тарихындағы аса маңызды тұлғалардың бірі.

Өзі жазған поэма-шығармаларын Зорин «моро» («ән») байырғы эрзя сөзімен атайтын. Зориннің атынан Паасоненге жолданған хаттарда (олар әлі күнге дейін Хельсинкиде, фин-угор қоғамының мұрағатында сақтаулы) анық байқалатыны осы: Зорин нағыз жазушы ретінде мокша-эрзя дәстүрлерінің құндылығын түсінді, ежелгі эрзя дінін, дәстүрін сақтайтын. Өз Құдайына сенетін ол христиандыққа қарсы емес еді.

Ақын-әңгімеші ретінде Игнатий Зорин кәдімгі эрзяның өмірінде пұтқа табынушылық дәстүрлері күшті болған, ал христиандық құлшылық дәстүрлері әлі тамыр жаймаған кезеңде өмір сүріп, өлеңдерін жазған.

Зорин шығармашылығында күнделікті жастар тақырыбына арналған лирикалық өлеңдер маңызды орын алады. Мокша мен эрзя дәстүріне мән беретін бұл ертегілердің сюжеттері мысқылға да жиі ұшырасатын, ал кей жерлерде тіпті поэтикалық сатира де кездеседі.

Әдебиет Mordwinische Volksdichtung. Gesammelt on Ignatij Zorin, Durchgesehen u. transkribiert von Heikki Paasonen, übers. von Kaino Heikkilä u. Paavo Ravila, Herausgeg von Martti Kahla. VI. Band. SUST 162. Helsinki 1977, Suomalais-Ugrilainen Seura. Мокшэрзянь литературань антология, XVIII—XX Векне / Кочказе, сёрмадозень очеркнень и комментариятнень А. В. Алёшкин. — Саранск: Мордовскяй книжнай издательствась. 2003. — 480 с. — (Тюштянь масторонц моронза-арьсеманза).

Дереккөздер

Санат:Эрзя жазушылары Санат:Эрзя ақындары