Молдова Ұлттық банкі () — Молдова Республикасының орталық банкі. 1991 жылы құрылған.
Молдова Ұлттық банкінің құзыретіне мыналар кіреді: шарттар жасасу және міндеттемелер шығару; өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында жылжымалы және жылжымайтын мүлікті иемдену және пайдалану; сотқа талап қою және сот процесіне тарап ретінде қатысу.
Негізгі міндеті: Молдова Ұлттық банкінің негізгі міндеті — баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және сақтау. Бұл міндетке нұқсан келтірмей, Ұлттық банк нарық қағидаттарына негізделген қаржы жүйесін дамытып, қолдайды және мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Ұлттық банк мынадай негізгі функцияларды орындайды: мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатын айқындайды және жүзеге асырады; мемлекеттің банкирі және оның қаржылық агенті ретінде қызмет атқарады; экономикалық және ақша айналымына қатысты талдау жүргізіп, оның негізінде Үкіметке ұсыныстар енгізеді, талдау нәтижелерін жұртшылықтың назарына жеткізеді; қаржы мекемелерінің қызметін лицензиялайды, қадағалайды және реттейді; банктерге несие береді; республикадағы төлем жүйесіне бақылау жүргізеді және банкаралық төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі; ұлттық валютаның жалғыз эмиссиялық органы ретінде әрекет етеді; Үкіметпен консультациялардан кейін ұлттық * валютаның айырбас бағамы режимін белгілейді; мемлекеттің алтын-валюта қорларын сақтайды және оларды басқарады; Халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес, банк ісі, несиелеу және ақша айналымы салаларында Молдова Республикасының халықаралық қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысуынан туындайтын міндеттемелерді Республика атынан өз мойнына алады және тиісті операцияларды жүзеге асырады; мемлекеттің төлем теңгерімін құрастырады; Молдова Республикасының аумағында валюталық реттеуді жүзеге асырады.
1995 жылы Молдова Республикасы Парламенті «Молдова Ұлттық банкі туралы заңды» қабылдады, оған сәйкес Ұлттық банк тәуелсіз қоғамдық құқықтық тұлға болып табылады, алайда ол парламентке есеп беретін түрде қызмет атқарып, өз міндеттерін жүзеге асыруда Үкіметпен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Сілтемелер Молдова Ұлттық банкінің ресми сайты
Санат:1991 жылы құрылған банктер Санат:Орталық банктер Санат:Молдова банктері