Трнава университеті () — Словакияның батысындағы Трнава қаласында орналасқан мемлекеттік университет. Словакиядағы ең көне классикалық университеттердің бірі. Ол Словакияның үздік он университетінің қатарына кіреді.
Тарихы Трнава университеті 1635 жылы кардинал Петер Пазман иезуит монастырінде негізін қалаған Словакиядағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Аустро-Венгрия императоры Фердинандтың жарлығымен ол Трнава университетін өзінің жеке қорғауына алды, сонымен қатар университетке оның билігіндегі басқа университеттердегі сияқты барлық құқықтар мен артықшылықтарды берді.
Университетте бастапқыда тек теологиялық және философиялық факультеттер болды, кейін 1667 жылы заң факультеті құрылды, ал 100 жылдан кейін, 1769 жылы медицина факультеті ашылды. XVIII ғасырдың ортасына қарай Трнава университеті кеңінен танымал болды және ерте барокко стиліндегі өзінің шағын ғибадатханасы (бүгінгі күнге дейін сақталған университет шіркеуі), кітапханасы, ғылыми мұрағаты, жеке зертханалары, баспаханасы, ботаникалық бағы және заманауи астрономиялық обсерваториясы болды.
Университет түлектерінің арасында Библия кітабын мажар тіліне аударумен танымал болған Дьердь Калди бар. 1777 жылы университет императрица Мария Терезаның бұйрығымен Трнавадан Будаға (қазіргі Будапешт) көшірілді, онда ол Этвоша Лоран есімімен аталды. Сол кезеңде Әулие Алоизия теология институты (Братиславадағы христиан қоғамы) Трнава университетімен біріктіріп және 1997 жылдан бастап Трнава университетінің ресми теология факультеті болды. 1995 жылдың қазан айында университеттее бесінші факультет – заң факультеті салтанатты түрде ашылды.
Қалыптасқан жылда ішінде Трнава университеті білім беру саласында елеулі табыстарға қол жеткізді. Салалық рейтингтердегі тәуелсіз агенттіктердің сараптамасына сәйкес, Словакия университеттері арасында Трнава университетінің барлық факультеттері жетекші орындарда. Университет 2000 жылдан бері ERASMUS бағдарламасына қатысып келеді. Университет саясаты профессорлық-оқытушылық құрамның санын көбейтуге және деңгейін көтеруге, мәдени-зерттеу семинарлары мен ғылыми конференцияларды ұйымдастыруға, жаңа академиялық бағыттарды дамытуға бағытталған.
Факультеттері Университетте 5 факультет бар, шетелдіктер тегін білім алады. Университеттегі мамандықтардың жалпы саны 57, оның ішінде 30 магистратура және 27 бакалавриат. нобай|оңға|200px|Трнава университеті Факультеттер тізімі: Философия факультеті, Педагогика факультеті, Денсаулық сақтау және әлеуметтік жұмыс факультеті, Заң факультеті, Теология факультеті
Трнавадағы университеттің кейбір факультеттерінде студенттер словак тілінде де, ағылшын тілінде де оқи алады.
Қазіргі жағдайы Трнава университеті үшін халықаралық ынтымақтастық өте маңызды роль атқарады. 2020 жылдың басында университет Англия университеттерімен (Люнебург қаласындағы Лейфан университеті), Германия, Польша, Португалия, Испания университеттерімен жаңа ынтымақтастық туралы келісімдер жасады, бұл Трнава университетінің студенттері осы елдердің бірінде оқу тәжірибесін жинай алады, тағылымдамадан өте алады, сонымен қатар ай сайынғы 350 euro шәкіртақы ала алады. Еуропа мен әлемнің университеттерінде білім алмасу бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болу үшін ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білу қажет.
Барлық оқу бағдарламалары мен академиялық дәрежелер (бакалавриат, магистратура, аспирантура) еуропалық стандарттарға сәйкес аккредиттелген.
Дереккөздер
Санат:Словакия университеттері