Жамбыл Жабаев ескерткіш-мүсіні – Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі (Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының шаршысы).
Сипаты Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткіш-мүсіні 1971 жылы ашылды. Мүсінші – X.Е. Наурызбаев, сәулетші – М. Меңдіқұлов. Мүсін мен тұғыр сұр граниттен тұтас қашалған. Биіктігі – 2,3 м. Ескерткіштің қасбетінен қашап түсірілген өрнекті жазу тұғыр мен мүсіннің айырығын байқатады. Мүсін жыр алыбы – Жамбылдың кемел шағын тұлғалайды. Тұғырдың теп-тегіс өңделген жиегінен шығыңқы қалыпта ойып келтірілген сол қолдың салалы саусақтары, бас салмағының сол иыққа елеусіздеу ауытқуы мүсінге табиғи қозғалыс әсерін береді. Текшелі хауыз ағыны ескерткіш тынысын аша түседі.Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
Дереккөздер
Санат:Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Алматы сәулеті