Жамбыл Жабаев кесенесі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген Жамбыл мұражай-үйі кешені құрамындағы тарихи-мәдени ескерткіш.

Орналасқан жері Алматы облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан.

Кесене сипаты Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың зиратының үстіне орнатылған кесене 1946 жылы салынып, 1958 жылы қайта қалпына келтірілді (жоба авторы сәулетші И. И. Белоцерковский, суретші Ә. Қастеевтің нобайы бойынша). Ол биіктігі 10 м, күйдірілген кірпіштен қаланған, ақ мәрмәр тақтамен қапталған, он алты қырлы барабанды конус тәрізді күмбезбен аяқталған, сегіз қырлы жоспардағы ғимарат. Кесене ішіне зор шеберлікпен өрнектелген шойын төрт есіктен кіруге болады. Ақын денесі осында жерленген. Қабір үстіне қара мәрмәр тастан «Жамбыл Жабаев. 1846-1945» деп жазылған тақта қойылған. Қасбеті қазақ оюларымен бедерленген. Кесенеге апаратын саябақ жолын бойлай тікбұрышты гранит тақта қойылған, онда Жамбыл туындыларынан үзінді және ол туралы танымал жазушылар мен ақындардың пікірлері жазылған.АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Жамбыл Жабаев Санат:Алматы облысы сәулеті Санат:Алматы облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері