Алмаз Альсенов (1981 жылы 14 тамызда туған) — кәсіпкер, инвестор, спорт функционері, Қазақстан Республикасының тумасы, бұрынғы кәсіби дзюдошы. Халықаралық Дзюдо Федерациясы президентінің кеңесшісі. 2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Өмірбаяны
Білімі Алмаз Альсенов Қарағанды қаласының №88 орта мектебін бітірген (Қазақстан), ал 2002 жылы «Менеджмент және экономика» мамандығы бойынша Еуразия гуманитарлық институтын бакалавр дәрежесімен тәмамдаған.
2006 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен «Инженер-геофизик (тау-кен ісі)» мамандығы бойынша диплом алды, ал 2007 жылы Алматы басқару университетінен «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін алды.
Дзюдо Алмаз Альсенов дзюдодан ұлттық чемпионаттарды жеңіп алған, 1997 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстан құрамасының мүшесі болған. Қазақстан Республикасының Спорт шебері, дзюдодан 5-ші дан қара белбеу иегері.
2000 жылы ол Гонконгта өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль, ал Германияның Бремен қаласында 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы халықаралық біріншілікте алтын медаль жеңіп алды.
2011 жылдан 2015 жылға дейін Алмаз Альсенов Азия Дзюдо Одағының маркетинг директоры және атқару комитетінің мүшесі қызметін атқарды. 2015 жылдан 2022 жылға дейін ол Еуропа Дзюдо Одағы Президентінің кеңесшісі болды.
2022 жылы Алмаз Альсенов «JENYS» кәсіби дзюдо клубын құрды және кәсіби клубтың қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды.
2024 жылдың шілде айында Парижде өткен Олимпиада және Паралимпиада ойындарында клуб спортшылары үш бірдей олимпиадалық марапатқа ие болды. «JENYS» клубының капитаны Елдос Сметов 60 кг салмақта Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды, ал клуб өкілдері Ақмарал Науатбек Паралимпиадада алтын, Гусман Кыргызбаев қола медаль иеленіп, Абиба Әбужақынова 48 кг салмақта 5-ші орын алды.
2024 жылғы Париж Олимпиадасы аясында Алмаз Альсенов халықаралық дзюдоның дамуына қосқан үлесі үшін құрметті қара белдікпен марапатталды.
2023 жылдан бастап Алмаз Альсенов Халықаралық Дзюдо Федерациясы президентінің кеңесшісі болып табылады.
2024 жылдың шілдесінде Алмаз Альсенов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) коммерциялық серіктестік және ілгерілету жөніндегі комиссары болып тағайындалды.
2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларды мемлекеттік марапаттармен марапаттаудың салтанатты рәсімі кезінде Алмаз «Құрмет» орденіне ие болды. Марапатты оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз қолымен табыс етті.
Бизнес Алмаз Альсенов агротрейдинг және логистика саласындағы кәсіпкер және инвестор болып табылады. 2015 жылы Алмаз Альсенов Harvest Group компаниясын құрды, ол халықаралық ауылшаруашылық өнімдерін сатушы және дистрибьютор.
Forbes тізімі бойынша Қазақстанның ең бай бизнесмендері арасында 53-ші орында тұр.
Жеке өмірі Алмаз Альсенов Швейцарияда, Лозанна қаласында тұрады. Үйленген.
Анасы, Гүлшара Мұқушева (1955 жылы 22 мамырда туған), профессор, техника ғылымдарының докторы. Қарағанды техникалық лицейінің директоры және Қарағанды техникалық университетінің кәсіподақ комитетінің төрайымы болған.
Әкесі, Жеңіс Қаменұлы Альсенов (1945 жылы 2 маусымда туған), техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Қарағанды техникалық университетінің тау-кен машиналары кафедрасында жұмыс істеген. Әкесінің құрметіне Алмаз Қазақстандағы алғашқы кәсіби дзюдо клубы «JENYS»-ті құрды, бұл клубта «JENYS Кубогы» халықаралық турнирі өткізіледі.
Атасы, Майжан Мұқышұлы Мұқышев (1936 жылы 10 сәуір – 1990 жылы 14 ақпан), Қазақ КСР-інің тау-кен өнеркәсібін дамытуға үлкен үлес қосқан. Қарағанды көмір бассейнінде (1953-57), Химия-металлургия институтында (1960-63), Көмір және тау-кен машиналарын жобалау институтында (1963-90).
Дереккөздер