Тілектес Серікбайұлы Адамбеков (1 қаңтар 1989, Ақтоғай, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.
Бұрын Адамбеков Қазақстан Мәжілісінің VII (2021–2023) және VIII (2023–2026) сайланымдарының депутаты.
Өмірбаяны 1989 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Арғын тайпасының Қаракесек ішіндегі Қояншытағай руынан шыққан.Қояншы-Дәулет-Таңай (Қояншытағай) шежіресі / Жалпы редакциясын басқарған Н. О. Дулатбеков. — Қарағанды: «Болашақ-Баспа» РББ, 2008. — 293 б.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Тунсзи университетінде (Шаңхай, Қытай) «Телекоммуникация» саласында білім алған. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.
Президенттік жастар кадрлық резервінің финалисті (2019).
2008 жылы АҚШ, Монтана штатындағы Wyndham Worldmark менеджері лауазымында болды.
2012–2015 жылдары Алматы қаласында «SHEBERBUILD LD» ЖШС инвестиция тарту және дамыту жөніндегі Қытайдағы өкілі болып істеді.
2015–2016 жылдары Алматы қаласында «Жібек жолы» Қазақстан-Қытай ынтымақтастық орталығы» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
2016 жылғы қарашадан 2017 жылғы сәуірге дейін Астана қаласында «Astana Innovations» АҚ инвестициялар және серіктестік жөніндегі басқарушы директоры ретінде жұмыс істеді.
2017 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін — «Astana Invest» Қалалық инвестициялық даму орталығы» ЖШС бас директорының инвесторларға қызмет көрсету орталығы жөніндегі орынбасары, сол жылы қыркүйек айынан бастап басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне ауыстырылды.
2017–2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында Cascadia Consumer Electronics Corp. LLC филиалының Еуразиядағы бас өкілі болды.
2018 жылғы қаңтардан 2020 жылғы ақпанға дейін ол Eurasia Blockchain Fintech Group Limited жеке компаниясының бас директоры болып істеді.
2020 жылғы ақпан–тамыз айлары аралығында «Қазпошта» АҚ ІТ-инфрақұрылымы бойынша атқарушы директор қызметін атқарды.
2020–2021 жылдары олНұр-Сұлтан қаласында Eurasia Blockchain Fintech Group Limited бас директоры болып жұмыс істеді.
2021–2023 жылдары ол «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
2023 жылғы наурыздан бастап ол «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды., Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.
2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Адамбеков Әділет партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанады.
Марапаттары Қазақстан президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары