Көк барқыт — Дэвид Линчтің атақты кинокартинасы. Фильм 1951 жылы шыққан танымал әннің атымен аталды. Фильмнің өзі көрерменге 1986 жылы жол тартты.

Сценариін өзі жазған және өзі түсірген бұл фильм Линч карьерасындағы адғашқы жетістіктерінің бірі болды. Ол үздік сценарий үшін Алтын глобусқа және үздік режиссура үшін Оскар сыйлығына номинацияға түскен. Американың киносыншылары атынан үздік режиссура мен үздік фильм үшін сыйлығын алған.

Бастапқыда сыншылар фильмге тамаша пікірлер білдірмеді, алайда кейін ол культтік туынды болып танылды.

Дереккөздер