Оңтүстік полюс — Эйткен бассейні — Айдағы ең үлкен, ең терең және ең көне кратер. Диаметрі шамамен 2500 шақырымды құрайтын бұл бассейн Күн жүйесінің денелері бетіндегі ең ірі кратерлер қатарына жататыны анық.

Ресми бекітілген атауы жоқ. Қазіргі атауы осы аймақтың екі шеткі нүктесінің қосарлануынан құралған: Айдың оңтүстік полюсі және Эйткен кратері. Бассейн Айдың көрінбейтін жағында орналасқандықтан, оның бар екені тек ғарыш игеру заманында белгілі болды. Алайда кратердің бір шетін Жерден бақылауға болады, оны бұрын Лейбниц таулары деп атаған.

Бассейн 4,2–4,3 миллиард жыл бұрын орын алған соқтығысудың нәтижесінде пайда болды деп есептелінеді.

Дереккөздер

Санат:Ай кратерлері