Ілияс Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайы – Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 239.
Кезеңі, авторы Ғимарат 1907 жылы тұрғызылды; мұражай 1984 жылы ашылды.
Сипаты, қоры Мұражай ғимараты – 1907 жылы тұрғызылған бірқабатты ағаш ғимарат. Сызбасы бойынша ғимарат Г әрпі тәріздес және шатыры жалпақ жапырақты металлдан жасалған. Терезе қақпалары күрделі ағаш оюмен өрнектелген. Ғимарат құрылысында Қапалдан алып келінген қарағай қолданылған. 1918-1976 жылдар аралығында ғимарат әртүрлі мекемелермен қолданылған. Бүгінде ғимарат сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Мұражайдың жалпы ауданы 280,5 шаршы метрді құрайды. Мұражайдың қоры негізіне I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кішігірім мұражайы алынды. Қор материалдарын жинастыруда қазақ әдебиетінің атақты классигінің қызы Жансүгірова Үміт Ілиясқызы елеулі көмек көрсетті. Мұражайдың жалпы қоры 6073 экспонатты құрайды. Экспозициясы бірнеше тақырыптық бөлімдерден тұрады: ақынның балалық және жастық шағы; ақынның қалыптасуы, дамуы және қоғамдық қызметі; ақынның жұмыс тобы; Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығы және мұрасы. Бүгінде мұражай – облыстың маңызды мәдени орталығы.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан мұражайлары Санат:Жетісу облысы сәулеті