Зүлфия Болатқызы Сүлейменова (25 ақпан 1990, Ақтөбе) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2023 жылы қызметте болған экология министрі. Философия докторы (2016).
Білімі 2012 жылы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды. 2016 жылы Жапониядағы PhD докторантура бағдарламасы бойынша білім алды.
Еңбек жолы 2014—2015 жылдары Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер болды.
2015—2017 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясында Қоршаған орта және даму дивизионымен, Энергетика дивизионымен, сондай-ақ Макроэкономикалық саясат және дамуды қаржыландыру дивизионымен (Бангкок, Таиланд) тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.
2019—2020 жылдары Түркіменстандағы және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасында, сондай-ақ БҰҰ ЭСКАТО ұйымының қоршаған орта және даму дивизионында қызмет атқарды.
2020—2021 жылдары Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.
2021—2022 жылдары Қазақстан парламенті мәжілісінің 7-сайланым депутаты болып сайланып, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
2022—2023 жылдары Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары болды.
2023 жылғы қаңтар — қыркүйек айларында Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
2023—2025 жылдары Қазақстан президентінің кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болды.
2025 жылғы қараша айында Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалды.
Марапаттары мен атақтары Халықаралық қатынастар магистрі (2014); Философия докторы (2016).
Сын 2023 жылы 24 сәуірде Астанадағы бизнес-форумда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының, Маралды ауылының тұрғындары жергілікті табиғи қорықтарын қорғап қалу жайында жергілікті халықтың денсаулығы үшін апатты зардаптармен қауіп төндіреді және өсімдіктері, жануарлары мен құстары Қызыл кітапқа енгізілген бірегей табиғи қорықты жойып жіберетін натрий цианидін пайдалана отырып, қуаттылығы жылына 250 мың тонна кенді құрайтын тотыққан алтын рудаларын өндіру және өңдеу бойынша тау-кен кәсіпорнының салынуына қарсы Сүлейменовадан көмек сұраған болатын. Бірақ, Сүлейменова бұл іс жергілікті әкімшіліктің жауапкершілігнде екенін және министрлік бұл іске жауап қайтарып қойғанын айтып, пікір қалдырудан бас тартты .
2023 жылы 8 маусым күні Семей орманында үлкен өрт орын алды . Семей орманы Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бақылауында болатын. Ал сол сәтте экология және табиғи ресурстар министрі Сүлейменованың өзі еді. Оның үстіне өрт басталардың алдында аз уақыт бұрын, яғни 29 мамыр күні Сүлейменова жұмыс сапарымен Семей орманына барған болатын . 11 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының тұрғындарымен кездесуде өрт барысында қаза тапқандар туралы айтып тұрғанда жылап жіберді .
Жеке өмірі Сүлейменова тұрмысқа шықпаған және отбасы туралы пікір қалдырмайды. 2021 жылы Хабар телеарнасының “Сәнді сөздік” () бағдарламасына берген сұхбатында ет жемейтінін және жануар терісінен өндірілген киімдерді кимейтінін айтты : Киім таңдағанда сапалы болуына назар аударамын. Оны 5-10 жыл кисем де, формасын жоғалтпауы керек. Ал жұмыстан тыс уақытта Жапонияда не кисем, Қазақстанда да соны киемін. Мені су тұтыну мәселесі қатты алаңдатады. Себебі бір пиджакты дайындау үшін 12-15 мың литр су жұмсалады. Табиғи теріден тігілген киімдерді кимеймін. Бұл – менің принципім. Өйткені жануарларға деген гуманистік қарым-қатынас адамдардан басталу керек деп есептеймін. Сондықтан ет жемеймін, теріден тігілген киім кимеймін, жануарларға сыналған косметиканы пайдаланбаймын. Әрі зообақ пен дельфинарийге бармаймын
Дереккөздер
Санат:Қазақстан экология министрлері Санат:Еуразия ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VII шақырылымының депутаттары