Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов (8 қаңтар 1966, Речное ауылы, Демьянов ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, вице-адмирал, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы (2009-2018).
Өмірбаяны 1966 жылы 8 қаңтарда Қостанай облысы, Демьянов ауданы, Речное ауылында дүниеге келген.
Орта мектепті бітірген соң 1983 жылдан 1988 жылға дейін С.О. Макаров атындағы Тынық мұхиты жоғары әскери-теңіз мектебінде «Кемені қаруландыру» мамандығы бойынша курсант болды.
1988 жылдан бастап офицерлік қызметте істейді.
1988-1995 жылдары — үлкен сүңгуір қайықтағы торпедо тобының командирі болды.
1995-2000 жылдары — жеке кемелер дивизиясының командирі болды.
2000-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитетінің Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері, бөлім басшысы қызметін атқарды.
2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетінде білім алды.
2003-2008 жылдары — Әскери-теңіз күштері басқармасының басшысы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары болды.
2008-2010 жылдары — Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы болды.
2008-2009 жылдары — Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы – Қазақстан Республикасы ҚК ӘТК Бас штабының басшысы болды.
2009 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен оған вице-адмирал шені берілді.
2018 жылғы 18 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Жанзақов Жандарбек Сәдуұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.
2020 жылдың 21 мамырында Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Жандарбек Жанзақов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылып, сот шешімімен вице-адмирал әскери атағынан айырылды. Әскери прокуратураның мәліметінше, офицер флоттың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзып, кемелерді арқандап тұрғаны үшін кінәлі.
2023 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жандарбек Жанзақовқа қатысты ақтау үкімін шығарды.
Дереккөздер