Плимут () — Кариб теңізіндегі Монтсеррат елінің бұрынғы астанасы.

Тарихы Плимут 1632 жылы британдық отаршылар тарапынан құрылған. 1995 жылға дейін Монтсеррат аралының негізгі порт және сауда орталығы болған.

1995 жылы 21 тамызда Суфрьер вулканының атқылауынан кейін қираған. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді де, алты айдан соң үйлеріне қайтуға рұқсат берілді. Бірақ 1997 жылы 25 маусымда дәл сол апатты жағдай қайталандыhttps://2f.ru/2010/12/26/montserrat-2/. Бұл жолы тұрғындар біржола көшірілді. Ол жерді қазіргі уақытта адамдар мекендемейді.

Көп ұзамай ел астанасы Брейдс қаласына ауыстырылды.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер

Video of Plymouth from a MVO helicopter on 24 August 2012 on YouTube

Санат:Монтсеррат