Екінші Ливан соғысы (2007 жылғы 21 наурыздан бастап Израильдегі ресми атауы) — Хезболланың әскерилендірілген күштері мен Израиль қорғаныс күштері (IDF) қатысқан 34 күндік әскери қақтығыс. Қақтығыс 2006 жылы 12 шілдеден 14 тамызға дейін жалғасты, кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес оқ атуды тоқтату жарияланды.
2006 жылғы 1 қазанда Израиль Оңтүстік Ливан аумағынан әскерлерін шығаруды аяқтады. Ливанның оңтүстігін бақылау толығымен Ливан үкіметтік армиясының бөлімшелері мен БҰҰ бітімгершілеріне ауысты. Қазан айының басында Ливанның оңтүстігінде 10 000-ға жуық ливандық әскери және 5000-нан астам бітімгершілер орналастырылған болатын.
Израиль мен Ливан арасындағы қақтығыстар Израиль мен Ливан арасындағы қарулы қақтығыстардың тарихы тереңде жатыр. Алғашқы Ливан соғысы 1982 жылы басталып, Израиль «Галилеяға бейбітшілік» операциясын жүзеге асырды. Сол кезде палестиналық жауынгерлер Израильге қарсы шабуылдар ұйымдастырып, елдің солтүстігін қауіпке төндірді. Израильдің бұл операциясының нәтижесінде палестиналықтар Ливаннан толықтай шығарылды. Алайда Израиль 2000 жылға дейін Ливанның оңтүстік аймағын бақылауда ұстады.
Хезболла күштері Ливандағы азаматтық соғыстан кейін басқа топтар қаруын тастағанымен, "Хезболла" негізінен шииттер мекендейтін оңтүстікті Израильден азат ету үшін қару-жарағын сақтап қалды. Сонымен қатар, бұл қозғалыс жылдар бойы партизандық соғыс жүргізіп, 2000 жылы Израильді елден ақыры кетірді. "Хезболла" қару-жарағымен де мақтана алады. Айтуынша, ол қолындағы аса дәл көздейтін зымырандарымен, дрондарымен Израильдің барлық жерлеріне соққы беруге дәрменді. Ал 2021 жылы "Хезболла" жетекшісі Сайед Хасан Насралла топ құрамында 100 000 жауынгердің барын мәлімдеді. Иран "Хезболлаға" қару-жарақ пен ақша береді. АҚШ әкімшілігінің дерегінше, Тегеран бұл қозғалысты қолдауға жыл сайын жүздеген миллион доллар жұмсап отыр. "Хезболла" Таяу Шығыстағы Иран қолдайтын басқа да топтар үшін шабыт пен қолдау көзі. Ол Ирактағы қарулы топтарды дайындықтан өткізіп, сол жердегі ұрыстарға қатысты. "Хезболланың" Ливандағы ықпалы жергілікті шииттердің қолдауымен күшейді. Сол шииттер Ливанды Израильден "Хезболла" ғана қорғайды деп сенеді.
Себеп Соғыстың тұтануы 2006 жылы 12 шілдеде Хезболла жауынгерлері Израиль территориясындағы Зарит қаласының маңына кіріп, әскери шекаралық күзет машиналарына тосқауыл жасап, оқ атқылағандығынан басталды. Нәтижесінде екі «Хаммер» джипі талқандалып, Израиль армиясының бірнеше әскері жарақат алды, олардың ішінде қаза тапқандары да болды. Бұған қоса екі израильдік әскери қызметші тұтқынға алынды. Хезболланың мұндай әрекеттерге баруының себебі ретінде, кейбір мәліметтерге жүгінетін болсақ, бұған дейін израильдіктер жүздеген палестиналық әйелдерді, 300-ден аса кәмелетке толмаған балаларды сотсыз, тергеусіз түрмеде ұстап отырған. Оған қоса бұл түрмелерде кепілдікте 8 министрге қоса, Палестина автономиясы парламентінің 24 депутаты тауқымет тартқан.Баранов А. - Иран и «летняя война» в Ливане // Азия и Африка сегодня. - 2007, №3.
Израильдің мақсаты Израиль СІМ Ципи Ливни бұл операцияның мақсаттарын жариялады. Олар «тұтқынға» алынған әскерлерді босату, Хезболла ұйымын талқандау және оның инфрақұрылымдарын жою, Ливан үкіметін елдің оңтүстігіндегі ұйымның инфрақұрылымдарын құлатуға және БҰҰ Қауіпсіздік Комитетінің талаптарына сәйкес шииттік «лаңкестерді» қарусыздандыруға көндіру болып табылды.«әс-Сафир» газетінің бас редакторы Таляль Саль манның берген сұхбаты.
Барысы Негізі израильдік әскерилер ливандық шекараны атқылай бастағанда-ақ мыңдаған адам Ливанның оңтүстік бөлігінен үдере көшкен. Үш күндік қантөгістен кейін ливандық екі ауылды (Марун әр-Рас пен Маруахин) басып алған израильдік әскер Ливандағы 10 елді мекеннің тұрғындарын бас сауғалайтын басқа жер табуға шақырды. Еврейлердің Марун әр-Расқа қатты қызығуы тегін емес. Биіктігі үлкен жерде орналасқан бұл ауылдың стратегиялық маңызы зор. Елдің оңтүстігінен асталған соғыстан солтүстік аймақ та ама қалмады: ливандық теледидарлық кешендерді аяусыз қиратқан израильдік әскерлер байланыс жерлерін тас талқан етті.
Қақтығыс жаңа фазамен жалғасты, 22 шілдеде ЦАХАЛ Хезболланы талқандау мақсаты мен Оңтүстік Ливанда жердегі толық көлемді операциясын бастады. Алайда оқиғалар барысы басында ойластырылғандай дамымады. Иерусалим газеті «Debka» әскери қайнар көздерге сілтеме жасай отырып, былай деп хабарлады: «26 шілдеде шабуыл жасап келе жатқан израильдік бөлімшелерге қарсы Хезболла жауынгерлері соққы бере келе және олар қайта топталған Бинт-Джубейлде ЦАХАЛ ең ауыр жеңіліске ұшырады.Israeli Units Branch East, Face Heavy Hizballah Resistance in Central sector - www.debka.com
Реакция БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Хезболла тобы кепілдікке алған екі израильдік әскерді тұтқыннан босатуда ара-ағайындық жасауға уәде берді. Бұл өтініш Тель-Авив пен Хезболла тарапынан қатар білдірілген. Ал апта басында Аннан Египет президенті Хусни Мубаракпен, АМЛ-дың Бас хатшысы Амр Мусамен кездесті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің № 1701 Қарарын жүзеге асыру мен Ливандағы ахуал, израильдік әскерді ливандық аймақтан әкету, Таяу Шығыстағы ахуалды реттеудің негізгі жолы болып табылатын палестиндік мәселе талқыға салынды. Дипломатиялық мәліметтерге қарағанда, АҚШ Израильге Хезболла жасақтарын жою үшін бір апта берген.
Израиль: Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Шауль Мофаз сыртқы барлау мәліметтеріне сүйене отырып, Хезболла тобының Ираннан соғысқа араласу туралы өтініш жасағандығын жеткізді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысынан шыға салып осы кеңестегі Израильдің тұрақты өкілі Гиллерман журналистерге берген сұхбатында лаңкестер жойылмайынша, әскери іс-қимыл дардың тоқтамайтындығын және ешқандай да мерзімді мойындамайтындықтарын айтып өтті.
Мысыр: Мысыр Таяу Шығыстағы дауды тек Палестина мәселесін шешу арқылы ғана жүйелеуге болатынын айтты. Сарапшылар пікірінше, Ливанға қадалған әлем назары қайтадан Иранға қадалмақ.
Шығындар БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның мәліметіне қарағанда, Соғыс басталғалы бері Ливанда 300, ал Израильде 28 адам қаза тауып, тағы 200-гe жуық адам жарақат алған.
Салдары Израиль тарапынан жүргізілген әскери шаралардың кесірінен Ливанға 3,6 миллиард АҚШ долларының көлемінде зиян келген. Қираған ғимараттар үйінділерінің астында қалған өндіріс пен туризмнен түсуге тиіс пайда 1 миллиард долларға бағаланып отыр. Стокгольмдегі халық аралық донорлық конференцияға сол кезде Еуропалық Одаққа мүше 25 ел, АҚШ, Жапония, Канада, Норвегия, араб елдері сияқты 50-ден астам мемлекет пен БҰҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық комиссия секілді 20-ға жуық халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Шараны ұйымдастыру туралы бастама көтерген Швецияның премьер-министрі соғыстың кей біреулер үшін таптырмас кіріс көзі болғанымен, бейбітшілікті бүкіл әлем жақтайтынын және өз елінің Ливанға 20 млн доллар көлемінде көмек көрсететінін жеткізді. Конференцияға қатысу шылар Ливанға 500 млн АҚШ долларының көлемінде қаражат бөлуге шешім қабылдады. Оның ішінде Еуропалық Одақ – 42 миллион еуро (шамамен 54 млн доллар), АҚШ – 230 млн доллар, Италия – 30 млн еуро (38 млн долларға жуық) қаржы бөлінетінін жеткізді. Мамандар пікірінше, Ливанды қайта қалпына келтірудің алғашқы кезеңінде 530 млн доллардан астам қаражат керек. Ресми Бейрут күн тәртібінде тұрған мәселелер тізімін жасады. Мысалы, 75 млн доллар соғыс кезінде туған жерінен безіп кеткен босқындарды тым болмаса уақытша баспанамен қамтамасыз ету үшін, 80 млн доллар электр қуатын қайта қалпына келтіруге, 60 млн доллар су құбырлары мен жолдарды, көпірлерді реттеуге, 50 млн доллар Жерорта теңізінің бетіндегі мұнай дақтарын тазалауға кетеді. Теңіздегі дақтар израильдік әскери ұшақтар Бейруттегі мұнай сақтау қоймасын атқылау дан пайда болған еді. Ливанға бөлінген гуманитарлық көмек БҰҰ бақылауында болатын арнайы қорда жинақталады.
Қираған ғимараттар: Израильде - тұрғын үйлер мен фабрикаларды қосқанда 300 нысан. Ливанда - 6900 үй мен пәтер, 160 ғимарат, 59 әуежай, порттар мен су тазалау нысандары, 23 жанар-жағар май станциялары, 145 көпір.
Тергеу 2007 жылғы 30 сәуірде Израильде Ливан соғысы кезінде ел басшылығының іс-қимылын зерттеген Элияху Виноград комиссиясы жұмысының аралық қорытындылары жарияланды. Науқандағы қателіктер үшін барлық жауапкершілік премьер-министр Эхуд Ольмертке, қорғаныс министрі Амир Перецке және Израильдің бас штабының бұрынғы бастығы Дана Халуцқа жүктелген.
Комиссия басшысының пікірінше, «Эхуд Ольмерт Ливан соғысының қателіктері үшін жеке жауапкершілікте», оның «Хезболла» жауынгерлерінің екі израильдік солдатты ұрлауына жауап ретінде Ливанға соққы беру туралы шешімі Ливандағы ішкі саяси жағдайды мұқият талдауға негізделмегендіктен, бұл ақыр соңында Израильдің азаматтық халқы арасында көптеген құрбандықтарға және «бағасы тым қымбат болып шыққан кең ауқымды жер үсті операциясын» жүргізу қажеттігіне әкеп соқты.В Израиле объявлено военное низложение // Война в Ливане грозит отставкой Эхуду Ольмерту, «Коммерсантъ» № 73/С (3649) от 02.05.2007
Ливанға көмек Түркия: Ливандағы ішкі соғыс және аймақтағы тұрақсыздық себепті Түркия мен Ливан ынтымақтастығындағы бірқалыптылық 2000 жылдардан кейін өзгерді. Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа ықпал еткен маңызды тұстардың бірі де ливандық түрікмендер. Түркия 2006 жылы Израиль-Ливан соғысының артынан Ливанды жедел түрде қалпына келтіру және қайта салу үшін ауқымды жәрдем жасады. 2008 жылы қол қойылған Доха хаттамасының артынан аяқталған саяси дағдарыстың шешімінде үлкен рол ойнады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы: БҰҰ Уақытша қызмет күші UNIFIL-ге күш үлесін қосты. Премьер-министрі Рефик Харириге жасалған қастандықты әшкерелеу мақсатты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімімен құрылған Ливан әскери сотына қаржылай жәрдем берді.
Тағы қараңыз Үшінші Ливан соғысы (2024) Бірінші Ливан соғысы (1982)
Дереккөздер
Санат:Израиль соғыстары Санат:Араб-Израиль қақтығыстары Санат:2006 жылғы қақтығыстар Санат:Ливан соғыстары Санат:Хезболла соғыстары