Беловар-Билогора жупаниясы () — Хорватияның орталық бөлігінде орналасқан жупания. Жупанияның атауы оның ең ірі қаласы Беловар мен жупанияның солтүстігінде орналасқан Било-Гора қыратына байланысты қойылған.

Географиясы Жупанияның аумағы — 2640 км². Солтүстігінде Копривница-Крижевци жупаниясымен, солтүстік-шығысында Вировитица-Подравина жупаниясымен, оңтүстік-шығысында Пожега-Славония жупаниясымен, оңтүстік-батысында Сисак-Мославина жупаниясымен және батысында Загреб жупаниясымен шектеседі. Беловар-Билогора — басқа мемлекеттермен шекаралас емес үш хорват жупаниясының бірі.

Халқы және әкімшілік бөлінісі 2001 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша жупания аумағында 133 084 адам тұрғанЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . ҰлттарҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар  — Хорватияның статистика бюросы бойынша олар келесідей бөлінген:

хорваттар — 82,56 % сербтер — 7,08 % чехтер — 5,33 % басқалар — 5,03 %

Чехтердің едәуір қауымы Дарувар қаласы мен оның айналасында тұрады.

Әкімшілік тұрғыдан жупания 5 қалаға және 23 қауымдастыққа бөлінеді:

Қалалар Беловар қаласы, жупанияның астанасы, 27 783 адам Дарувар қаласы, 9815 адам Гарешница қаласы, 4252 адам Грубишно-Поле қаласы, 3171 адам Чазма қаласы, 2878 адам

Қауымдастықтар:

Берек Дежановац Джуловац Херцеговац Иванска Капела Кончаница Нова-Рача Ровище Северин Сирач Шандровац Штефанье Велика-Писаница Велика-Трновитица Велики-Грджевац Велико-Тройство Зрински-Тополовац

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты Жупанияның туристік қоғамдастығы

Санат:Хорватия жупаниялары