Израильдің Хезболламен соғысы немесе Үшінші Ливан соғысы (Израильде «Солтүстік жебелері» операциясы ретінде де белгілі) — Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мен Хезболла арасындағы қарулы қақтығыс 2024 жылы 23 қыркүйекте Ливанның Хезболла тобына қарсы Израиль қорғаныс күштері Ливан территориясын бомбалаумен басталды. 1 қазанда Израиль Ливанның оңтүстігінде құрлықтық шабуылын бастады.https://www.currenttime.tv/a/kak-god-voiny-menayet-blizhnii-vostok/33149022.htmlИзраиль начал операцию «Северные стрелы» против «Хезболлы» на юге Ливана — https://avesta.tj/2024/10/01/izrail-nachal-operatsiyu-severnye-strely-protiv-hezbolly-na-yuge-livana/
2024 жылы 26 қарашада Израиль үкіметі Ливанда Хезболлаға қарсы әскери іс-қимылды уақытша тоқтатты.
Израиль мен Ливан арасындағы қақтығыстар Израиль мен Ливан арасындағы қарулы қақтығыстардың тарихы тереңде жатыр. Алғашқы Ливан соғысы 1982 жылы басталып, Израиль «Галилеяға бейбітшілік» операциясын жүзеге асырды. Сол кезде палестиналық жауынгерлер Израильге қарсы шабуылдар ұйымдастырып, елдің солтүстігін қауіпке төндірді. Израильдің бұл операциясының нәтижесінде палестиналықтар Ливаннан толықтай шығарылды. Алайда Израиль 2000 жылға дейін Ливанның оңтүстік аймағын бақылауда ұстады. 2006 жылы екінші Ливан соғысы басталды. Бұл соғыстың басты себебі — «Хезболла» тобының Израиль әскерін тұтқынға алып, елдің солтүстігін қайтадан атқылауы болды. Израиль сол кезде Литани өзеніне дейінгі аумақты басып алды, алайда соғыс екі тараптың да үлкен шығынға ұшырауымен аяқталды.
Алғышарттар 2023 жылдың қазан айында «Хезболла» Израильге қарсы белсенді әскери әрекеттерін қайта жандандырып, солтүстік Израиль қалаларын атқылай бастады. Бұл қадам Израильдің Газа секторындағы «ХАМАС» тобына қарсы операциясы кезінде орын алды. Осыдан кейін Израиль де қарсы шабуылдар ұйымдастырып, "Хезболла" басшылығына бірнеше соққы берді.
2024 жылдың қыркүйегінде жағдай шиеленісіп, Израиль Ливан шекарасына құрлық әскері мен танктерін жіберді. Бұл қадам Таяу Шығыстағы ірі әскери қақтығыстың жаңа кезеңі болу мүмкіндігіне жол ашты. Израиль бұл әрекеті арқылы Ливанның оңтүстік бөлігінде қауіпсіздік аймағын құруды көздейді, ал «Хезболла» бұл аймақтан әскерін алып кетуден бас тартуда. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл аймақтағы израильдіктерді өз үйлеріне қайтаруды басты мақсат етіп қойды, алайда бұл мақсатқа жету үшін құрлықтағы соғыс қажет болуы мүмкін.
Мақсаттары Израиль Қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Герци Халеви негізгі мақсат ретінде «Хезболла» қарулы инфрақұрылымын жою және Израильдің солтүстігінен эвакуацияланған тұрғындардың үйлеріне қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуді атады. 2024 жылғы 1 қазанда ЦАХАЛ өкілі, подполковник Даниэль Хагари, Израиль армиясы Оңтүстік Ливанда жерүсті операциясын бастағанын мәлімдеді. Бұл қадам «Хезболла» тарапынан жаңа қауіптердің алдын алу және Израиль солтүстігіндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалған.
ABC News мәліметтеріне сәйкес, Израильдің Оңтүстік Ливандағы негізгі мақсаты – шекарадан шамамен 4,8 км (үш миль) қашықтықта орналасқан жотаны бақылауға алу. Бұл аймақ «Хезболла» тарапынан Израильге, оның ішінде танкке қарсы зымырандармен шабуыл жасауға мүмкіндік береді.
Барысы Бірінші кезең: Бомбалау 23 қыркүйек: Израиль армиясы Ливанның оңтүстігі мен Бекаа алқабындағы Хезболланың сегіз жүз әскери нысанасына шабуыл жасағанын хабарлады. Әуе соққысынан «Хезболланың» жоғары шенді қолбасшысы Али Абурия қаза тапты. Сол күні Хезболла Израильге 150-ге дейін зымыран атқылаған.
24 қыркүйек: ЦАХАЛ Ливандағы «Хезболла» нысандарына шабуылдардың жаңа толқынын бастады. Бір тәулік ішінде Ливанның оңтүстігі мен Бекаа аңғарында 1 500 нысанаға соққы жасалды, сондай-ақ, ЦАХАЛ мәлімдемесі бойынша Бейрутқа нүктелі соққы жасалды.
25 қыркүйек: Израиль Қорғаныс күштері (АОИ) Солтүстік майдандағы міндеттерді орындау үшін екі резервтік бригаданы мобилизациялау туралы шешім қабылдады. Сол күні «Хезболла» Ираннан көмек сұрағанымен, Тегеран бұл сұраныстан бас тартты. Себеп ретінде 79-шы БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу және уақыттың қолайсыздығы көрсетілді. Израиль Әскери-әуе күштері Ливанның солтүстігіндегі Нахр-Ибрахим өзені ағып өтетін шатқалды бомбалады. Әуе шабуылдары негізінен христиан халқы тұратын Джбейль провинциясындағы нысандарға бағытталды. «Хезболла» Израиль арнайы қызметі «Моссадтың» штаб-пәтеріне «Кадир-1» алыс қашықтықтағы «жер-жер» зымыранымен шабуыл жасауға талпынды, бірақ Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бұл ракетаны қағып түсірді. Сонымен қатар, Израиль Бас штабының бастығы Герци Халеви АОИ-дің Ливанда жерүсті операциясына дайындалып жатқанын мәлімдеді.
26 қыркүйек: «Ирактың Исламдық қарсыласу» күштері Израильдің оңтүстігіндегі Эйлат қаласына соққы жасағанын мәлімдеді. Израиль дәл бағытталған соққымен «Хезболла» әуе күштерінің қолбасшысы Мұхаммед Хусейн Срурды жойды.
27 қыркүйек: Израиль Қарулы Күштері Сириядағы Ливан шекарасына жақын орналасқан әскери нысанға соққы жасады. Сондай-ақ, Израиль Әскери-әуе күштері Бейруттың оңтүстік шетінде орналасқан, Ливанның «Хезболла» лаңкестік тобының штабтық кеңселеріне кемінде 10 зымыран соққысын жасады. Израиль армиясы «Хезболла» жасақтары мен олардың оңтүстік Ливандағы әскери нысандарына шабуыл жасады.
29 қыркүйек: Израиль Әскери-әуе күштері «Хезболла» нысандарына сериялы соққы жасады. ЦАХАЛ баспасөз қызметі «Хезболланың» әскери әлеуетін әлсірету операциясы жалғасатынын және АОИ тек Хасан Насралланы жоюмен шектелмейтінін мәлімдеді. Кейінірек Израиль армиясы Ливанда «Хезболланың» Орталық кеңесінің мүшесі Набиль Кауктің жойылғанын хабарлады. «Хезболла» жауынгерлері Израильдің Цфат қаласы мен елдің солтүстігіндегі бірнеше елді мекенге зымырандық соққы бергенін мәлімдеді. Күннің соңына қарай Израиль Әскери-әуе күштері «Хезболла» нысандарына ауқымды әуе шабуылын аяқтады.
30 қыркүйек: Израиль Вашингтонға оңтүстік Ливандағы құрлық операциясын жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл шабуыл жақын арада басталуы мүмкін деп мәлімденді. Иран «Хезболлаға» әскер жібермейтінін, Ливан өз қорғанысын өзі қамтамасыз ете алатынын айтты. Израиль әскері «Хезболлаға» тиесілі зымыран қоймасын жойды. Сондай-ақ, Ливан шекарасына жақын үш елді мекен жабық әскери аймақ деп жарияланды. Ливан армиясы кейбір шекара бекеттерінен шегінуде.
Екінші кезең: Құрлықтағы операция thumb|2024 жылы Израильдің Хезболламен соғысы кезіндегі жерүсті қақтығыстары. Қазан 30 қыркүйек – 1 қазан:Түнде Израиль қорғаныс армиясы Ливанда жерүсті операциясын бастады, шекараның бірнеше аумағында Израиль әскерлерінің серпілістері туралы хабарланады.Третья ливанская война: вмешается ли Иран в конфликт ЦАХАЛ и «Хезболлы»Israel’s Third Lebanon War is underway: What you need to know Кейінірек Израиль армиясының танктері Рмейш елді мекеніне кірді.
АҚШ Иранның ықтимал зымыран шабуылы туралы Израильге ескерту жасады.
1 қазан: Израиль Ливанның оңтүстігінде құрлықтық шабуылын бастады. Құрлық әскері елді мекендердегі әскери нысандарды атқылаған. Рейтер агенттігінің ақпары бойынша Ливан армиясы Израильмен арадағы шекарадан 5 шақырымға кейін шегінген.Ливанның миллионнан астам халқы босып кетті — https://baq.kz/livannyn-millionnan-astam-halqy-bosyp-ketti-341701/ 1 қазан кешке Иран Израильді ракетамен атқылаған. Тегеран мұны "Хезболла" мен ХАМАС жетекшілерінің өлімі үшін "кек қайтару" деді. Ал Израиль бұған міндетті түрде "жауап беретінін" айтқан.
1–3 қазан: Зымыран шабуылына байланысты бүкіл елде, әсіресе ел астанасы Тель-Авивте сиреналар іске қосылды. Армия израильдіктерді «ескертулерге құлақ асып, қауіпсіз жерлерге орналасуға» шақырды. Израильдік БАҚ елге жүзден астам зымыран атылғанын хабарлады. Иран Ислам Төңкеріс сақшылары: "Біз Израильге ондаған зымыран жібердік, егер олар жауап қайтарса, біз оларды тағы бір рет нысанаға аламыз" деп мәлімдеді. Сондай-ақ мәлімдемеде бүгін түнгі шабуылдың Хамас жетекшісі Исмаил Хание, Хезболла жетекшісі Хасан Насралла және ирандық генерал Аббас Нилфурашан өлтірілген Израиль шабуылдарына жауап ретінде ұйымдастырылғаны айтылды.Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасады — https://www.trt.net.tr/kazakh/liem/2024/10/01/iran-izrail-ghie-zymyranmien-shabuyl-zhasady-2193629 Израиль Ливанның 200-ден аса нысанды атқылаған. Олардың арасында қару-жарақ қоймалары бар. Ал, "Хезболла" Израильге қарай 25 зымыран мен 5 дрон ұшырған. Олардың көбі көкте атып түсірілді. Еврей елі күштері қазір Ливан аумағындағы құрлықтағы операциясын жалғастырып жатыр.Израиль әскері мен «Хезболла» бір-бірін атқылап жатыр — https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/673636-izrail-skeri-men-khezbolla-bir-birin-at-ylap-zhatyr Әскери нысандарды ату кезінде Ливан армиясының бір әскери қызметшісі қаза тапты, Ливан Қарулы Күштері қарсы оқ атты.
5 қазан: Reuters агенттігі ливандық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, ХАМАС-тың қарулы қанаты "Аль-Кассам" бригадасының жетекшісі Саид Аталланың Израиль шабуылынан Триполиде қаза тапқанын хабарлады. Ол палестиналық босқындар лагеріне жасалған соққы кезінде отбасының үш мүшесімен бірге қаза тапқан. Израиль бұған дейін Бейрут орталығына соққы жасаған болатын. Йемен де Палестина мен Ливанды қолдап, Тель-Авивтегі Израильдің әскери нысанасына шабуыл жасау үшін Яфа ұшқышсыз ұшағын пайдаланды.Израиль Бейрутке тағы да соққы жасады — https://kaz.inform.kz/news/izrail-beyrutke-tagi-da-sokki-zhasadi-10e33f/
6 қазан: Бейрутте тағы да жарылыс болды. Бұған дейін израильдік әскерилер «Хезболланың» нысандарына жататын ғимараттарға жақын орналасқан Дахия оңтүстік ауданының тұрғындарын шұғыл эвакуациялау туралы ескерту жасаған. Сонымен қоса «Хезболла» Ливанмен шекарадағы аудандарда израильдік әскерилер мен жауынгерлердің қақтығыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. ЦАХАЛ таратқан деректер бойынша, Ливаннан Израиль аумағына 200-ден астам зымыран ұшырылған.Израиль Бейрутке соққы жасады — https://baq.kz/izrail-beyrutke-soqqy-zhasady-342008/
7 қазан: Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Бейруттегі Ливан Хезболла қозғалысының барлау штабына соққы бергенін хабарлады. Израиль армиясы соңғы бірнеше сағат ішінде елдің әскери-әуе күштері Бейрут аймағындағы Хезболла қару-жарақ қоймаларына соққы жасағанын қосты.ЦАХАЛ нанесла удары по штаб-квартире разведки "Хезболлы" — https://ria.ru/20241007/khezbolla-1976664960.html Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы Дейр әл-Балах қаласындағы ауруханада орналасқан палестиналық Хамас қозғалысының болжамды басқару орталықтарына соққы бергенін хабарлады.ЦАХАЛ ударила по больнице в Газе, где якобы находился командный пункт ХАМАС — https://ria.ru/20241007/tsakhal-1976671049.html Израильдің орталығындағы Ришон-ле-Цион қаласында әуе шабуылының сиреналары естілді, деп хабарлады Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі. Армия кейінірек шығыстан ұшырылған "екі күдікті әуе нысанын" ұстағанын хабарлады.В центральной части Израиля прозвучала воздушная тревога — https://ria.ru/20241007/tsakhal-1976674386.html Кейін Израиль әуе күштері Бейруттың Дахия аймағына шабуыл жасады. Одан кейін Израиль әуе күштерінің ұшақтары ауқымды әуе операциясын жүргізіп, бір сағатта Ливанның оңтүстігіндегі 120 нысанаға соққы берді.
8 қазан: ЦАХАЛдың 146-шы бронетранспортер дивизиясы Ха-Мапац Ливанның оңтүстік-батысындағы Хезболла инфрақұрылымына қарсы "шектелген, локализацияланған, мақсатты операциялық әрекеттерді" бастады. Израиль әскерилері Ливан аумағынан Хайфа бағытында жаппай атқылауды тіркеді. Израиль қорғаныс күштері өздерінің мемлекеттік туын Ливанның оңтүстігіндегі Марун ар-Рас ауылындағы төбеге тікті. Дәл осы позициядан кейін Израильдің солтүстігіндегі елді мекендерді атқылау жүргізілді.Израиль Ливанның оңтүстігіне өзінің туын тікті — https://inbusiness.kz/kz/last/izrail-livannyn-ontustigine-ozinin-tuyn-tikti
9 қазан: "Хезболла" Ливанның оңтүстігінде Израиль күштерінің артиллерия мен минометтер арқылы шабуылын тойтарғанын хабарлады. Кейін Израиль қорғаныс күштері Ливан аумағынан жүзге жуық зымыран атқанын хабарлады.