Бағанаөрнек — қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш.
Бұл ою-өрнекті заттың, бұйымның ортасына келтіреді, оны негіз етіп, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. "Бағанаөрнек" асадалмен, кебежелердің аяқтарына, қырларына, айна қойғыштың шетіне, піспек саптардың жоғарғы жақ басына, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. – Алматы: "Алматыкітап" ААҚ, ISBN 9965-24-076-0
Дереккөздер