thumb|350px|Конвенцияға қол қойған мемлекеттер: thumb|right|150px|Сағаттар залы, конвенцияға қолдар қойылған жер Метрлік конвенция () — метрологиялық стандарттардың дұрыстығын қадағалайтын халықаралық келісім.
1875 жылдың 20 мамырында Парижде жиналған 17 елдің өкілдері бұл конвенцияға қолдарын қойды. Сол күннен бастап келісімге сәйкес Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросы жұмыс істей бастады.
Бүгіндері бұл конвенцияға 64 мемлекет толық мүше ретінде қолдарын қойған. Сондай-ақ 36 мемлекет конвенцияның ассоциациялық мүшелері болып саналады.
Әр төрт жыл сайын барлық мүше елдері өкілдерінің қатысуымен Жалпы конференция ұйымдастырылып өткізіледі. 1960 жылы Парижде өткен кезекті конференцияда ең негізгі физикалық шамалар жүйесі қарастырылып бекітілді.
Мүше елдер
Ассоциацияланған елдер
Кариб қауымдастығы
Дереккөздер
Санат:Метрология Санат:Халықаралық конвенциялар Санат:Елдер тізімі Санат:1875 жыл