Қаражар – Толағай құмының оңтүстік-батысындағы оқшау төбе. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылының оңтүстік-батысында 28 км жерде орналасқан. Жем өзенінің аңғарында. Абсолюттік Биіктігі 85 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 2 км шамасында. Беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Ащылықұдық қонысы, шығысында Сасыққұдық, оңтүстігінде Алтынтаққан (Алтынтапқан) бұлағы, батысында Есембай қонысы орналасқан. Сортаң, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, ши, өлең, жантақ, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақ Энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат:Төбелер