Райымбек батыр кесенесі — қазақтардың бостандығы үшін жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры Райымбектің кесенесі, ол Алматыда аттас Райымбек даңғылының бойында орналасқан.

Құрылыс тарихы 1918–1922 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде Райымбектің қабірі қирады.

1981 жылы батыр жерленген жерге гранит стела орнатылды.

1992 жылы сәулетшілер Б. Ыбыраев, Ш. Өтепбаев және С. Ағытаевтың жобасы бойынша қабірге кесене тұрғызылды.

1994 жылы «Райымбек» тарихи-этнографиялық бірлестігінің бастамасымен әйгілі батырдың басына үлкен мазар тұрғызылды. Кесене республикалық маңызы бар тарихи, архитектуралық және монументалдық өнер ескерткішіне жатады.

Ескерткіш шыңына жаңа туған ай орнатылған үшкір шатырға ұқсас. Бұл шатырдың ішінде батыр сүйегі салынған саркофаг бар.

2005 жылы кесене жанында қара мәрмәрдан соғылған Құран кітабы орнатылды.

2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Райымбек кесенесі Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды. Кесене «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазақстанның киелі географиясы объектілерінің тізіміне кіреді.

Кесене туралы аңыздар Түйе Биік кесененің алдында киелі түйенің шөгіп жатқан мүсіні бар. Райымбек батыр қайтыс болар алдында жолдастары мен жақындарын жинап: «Сүйегімді ақ киізге орап, түйеге артып қоя беріңдер. Қайда шөксе, сол жерге жерлеңдер» деп, аманат етіпті. Түйе бірнеше күн жүріп келіп, осы жерге шөккен екен.

Бейіт Райымбек батырдың денесі жатқан жерде жаңа құрылыс салу жұмыстары қызып жатады. Дәл осы күмбездің орнын да қырып, ғимарат салу жоспарда болған екен. Әйтсе де, көзкөргендер мен қарттар Райымбек батырдың сүйегі жатқанын ескертіп, бұл бейітті бұзуға қарсылықтарын білідіреді. Жұмысшылар үлкен кісілердің өтінішін басшылыққа жеткізгенімен, олар құлақ аспаған. Амалсыздан жұмысшылар жерді тегістеуге кіріседі. Бейітті қыруға келген техника Райымбек басына таяғанда өшіп қала беріпті. Райымбек батыр бейітінен кейін шегінсе, оталып кетеді екен. Қанша бұзуға ұмтылыс жасалғанымен, еш нәтиже бермейді. Осылайша, бұл жер халық арасында киелі болып саналады.

Дереккөздер

Санат:1994 жылы пайда болғандар Санат:Қазақстан кесенелері