2024 жылғы 13 шілдеде, Батлердегі (Пенсильвания) жиында сайлауалды президенттік кампаниясымен келіп, сөз сөйлеген Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті және сайлаудағы басты республикашыл үміткер Дональд Трамп өміріне қастандық жасалды. Федералдық тергеу бюросы бұл атысты «қастандық» ретінде тергеуде.
20 жаста болған Республикалық партия мүшесі Томас Мэттью Крукс митинг кезінде оқ атты да, АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері оны көп ұзамай атып өлтірді. Крукстың атқан оғы Трамптың құлағын жыртып өтті де, үш басқа адамға тиіп қалды, солардың бірі болған 50 жастағы азамат бірден көз жұмды. Трампты Құпия қызмет көлігіне мінгізді де, ауруханаға жеткізді. 14 шілдеде Трамптың ауруханадан шыққаны белгілі болды. Қастандыққа қарсы түрлі саясаткерлер, соның ішінде Джо Байден шықты.
Бұл оқиға — 1981 жылғы Рональд Рейганға атылған оқтан бергі АҚШ президентіне жасалған бірінші қастандық.
Атыс Дональд Трамп мінбер басына сағат 18:03 (UTC-4) қарай келді. Шамамен 10 минуттан кейін, сағат 18:12-ге қарай Томас Мэттью Крукс AR-15 арқылы сегіз оқ атты. Круксты күзет тексере алмай қалған еді; ол митинг қауіпсіз зонасының сыртында болған да, айналада, Трамптан 61–122 метрдей қашықтықта болған бір сарай үстіне мініп алған. Хабарламалар куәгердің шатырда мылтық алып жүрген ер адамды байқағанын және Трампқа оқ атқанға дейін бірнеше минут бұрын полицияға ескертуге әрекеттенгенін көрсетті.
Атыс орын алғанда Трамп оң құлағы мен бетінен қан көрінді. Ол құлағын қолымен жаба тұрып, мінбердің артына тығылды. Көп ұзамай оны АҚШ құпия қызметкерлері көтеріп, қоршап алды. Күзет қызметкерлері Трампты мінберден алып кетпек болғанда Трамп өз жұдырығын көтеріп, «күресіңіз, күресіңіз» деп айқай салды. Қауіпсіздік қызметі Круксты оқиға орнында атып өлтірді де, Трампты көлікке алып кетіп, оны ең жақын болған ауруханаға апарды.
Құрбандары Трампты санамағанда митингіге келген тағы үш ересек ер адам оққа түсті. Соның бірі болған 50 жастағы Кори Комператор бірден қайтыс болса, қалған екеуі ірі жарақат алды. Комператор бұрын өрт сөндіруші болған. Оның отбасы мен Пенсильвания губернаторы Джош Шапироның айтуынша, ол қыздарын оқтан қорғап жатқан кезінде қайтыс болған.
Қылмыскер
14 шілдеде Федералдық тергеу бюросы қылмыскердің 20 жастағы Пенсильвания тумасы Томас Мэттью Крукс болғанын білді. Крустың Республикалық партия мүшесі болғаны белгілі. Оның белгілі сотталғандығы болмаған. Пентагон оның әскери қызмет өткермегенін анықтады. Ол жақын маңдағы қарттар үйінің асханасында жұмыс істеген еді.
Салдары нобай|оңға|Джо Байден әкімшілігінің Трампқа жасалған қастандықты талқылауы, 14 шілде 2024 АҚШ әкімшілігінің хабарлауынша, оқиғадан кейін президент Джо Байден Трамппен телефон арқылы сөйлескен.
14 шілдеде Трамптың ауруханадан шыққаны және Нью-Джерсиге жол алғаны белгілі болды. Ол жақта Трамп гольф ойнайды деп хабарлайды жергілікті ақпарат көздері.
Азаттық радиосы хабарлауынша, орын алған қастандықтың партиялар арасындағы қайшылықты тереңдетіп, Америка саясатындағы күш қолдану табиғаты туралы дауды өршітуі мүмкін.
Реакция Трамп Қауіпсіз екені расталғаннан кейін көп ұзамай Трамп Truth Social арнасында мәлімдеме жасап, басынан кешіргенін айтып, құқық қорғау қызметкерлеріне алғыс айтып, қаза тапқан және жараланған адамдардың отбасыларына көңіл айтты.
АҚШ өкілдері нобай|АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады, 14 шілде 2024 АҚШ президенті Джо Байден қастандықты сынға алды, Трамп пен отбасына дұға жасайтынын айтты да, «Бұған ешқашан көз жұмып қарай алмаймыз» деп те айтып кетті.
Қастандыққа қарсы тағы бірнеше заң шығарушы орган өкілдері, Джордж Уокер Буш, Барак Обама және Джимми Картер құрған қор шықты.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Truth Social әлеуметтік желісіндегі Трамптың мәлімдемесі АҚШ-тың төрт президенті өлтірілді; басқалары президенттікке кандидаттар сияқты зорлық-зомбылыққа тап болды, Associated Press
Санат:Джо Байден президенттігі Санат:Дональд Трамп Санат:Қастандықтар Санат:Пенсильваниядағы оқиғалар Санат:АҚШ-та орын алған лаңкестік актілер Санат:2024 жылғы лаңкестік актілер Санат:2024 жылғы АҚШ Санат:Дональд Трампқа жасалған қастандық