Қаражал – Түлкілі тауларының солтүстік-шығысындағы таулар.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 849 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 14 км-ге созылып жатыр, енді жері 5-6 км шамасында.

Жер бедері Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Таудың түпкі жыныстары жалаңаштанған. Солтүстігіндегі Ақынбай қонысы, шығысында Қараүңгір, оңтүстігінде Ақшоқы, батысында Қызылтүлкілі таулары орналасқан.

Геологиялық құрылымы Силур кезеңінің төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортаңды сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары