Eurovision ән байқауы 2025 (, , ) — жыл сайын өткізілетін Eurovision ән байқауының өткізілуі жоспарланған 69-шығарылымы. Алдыңғы жылы өткен «Eurovision 2024» ән байқауындағы «The Code» әнімен Nemo-ның жеңісінен кейін 2025 жылғы Eurovision ән байқауы 2025 жылғы 13 мамыр мен 17 мамыр аралығында Швейцарияның Базель қаласындағы «Санкт-Якобсхалле» аренасында өтті. Бұл Eurovision ән байқауының Швейцарияда соңғы рет 1956 жылы Луганода және 1989 жылы Лозаннада өткізілген байқаулардан кейін үшінші рет өткізілгені болады. Eurovision ән байқауының 2025 жылғы шығарылымын ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) және Swiss Broadcasting Corporation (SRG SSR) телекомпаниясы болады. Байқаудың жартылай финалдары 2025 жылғы 13 және 15 мамырда, ал финалы 17 мамырда өткізілуі жоспарланған.
Өткізілу орны 2025 жылғы Eurovision ән байқауы алдыңғы жылы өткен «Eurovision 2024» ән байқауындағы «The Code» әнімен Nemo-ның жеңісінен кейін Швейцарияның Базель қаласында өткізілуі жоспарланған. Байқаудың өткізілу орны ретінде 12 400 орынды жабық спорттық және концерттік іс-шараларды өткізу орны ретінде қызмет ететін Санкт-Якобсхалле аренасы таңдалды. Арена Базель-Ландтағы Мюнхенштайн муниципалитетінде, Базель-Штадтпен шекаралас жерде орналасқан.
Іріктеу
Байқауды өткізу құқығын алдыңғы жылғы байқауда жеңімпаз атанған Аустралиядан басқа барлық ел автоматты түрде алады, Аустралия жеңген жағдайда Eurovision ән байқауы Еуропалық хабар тарату одағы мен Special Broadcasting Service телекомпаниясы таңдаған еуропалық елде өтеді.
Швейцария 2024 жылғы байқауда жеңіске жеткеннен кейін келесі күні, 12 мамырда Женеваның жергілікті билігі 2025 жылғы шығарылымды Palexpo конференция орталығында өткізуге қызығушылық танытып, ресми өтінім берді. Сол күні Базель-Штадт үкіметінің президенті Конрадин Крамер 2025 жылғы шығарылымды Базельде өткізуге қызығушылық танытатынын мәлімдеді. 12 мамыр күні ықтималды өткізілу орын ретінде Санкт-Галлендегі Olma Hall ұсынылды. 13 мамыр күні 1956 жылғы шығарылым өткен Лугано қаласы 2025 жылғы шығарылымды өткізуге өтінім беруден бас тартты. Оның басты себебі — Луганода және Тичино кантонында қолайлы орындардың жоқтығы, қалада 15 мыңға дейін көрерменді қабылдай алатын орындар жоқ. Берн кантоны үкіметінің президенті Филипп Мюллер бұл байқауда «антисемитизмнің өсуіне» сілтеп, байқауды Швейцарияның де-факто астанасы Бернде өткізуді қаламайтынын білдірді. Мюллерге 15 мамырда бүкіл кантондық Берн үкіметі ашық түрде қарсы шықты. Кантон кеңесі Nemo-ны құттықтап, байқаудың Бернде ұйымдастырылуына қолдау көрсететінін мәлімдеді. Осы уақытта Цюрих қалалық кеңесі өтінімді талқылау үшін «жоғары басымдылықтағы» отырыс өткізді деп хабарланды. 14 мамыр күні 1989 жылғы шығарылым өткен Лозанна қаласы инфрақұрылымның жоқтығына сілтеме жасап, 2025 жылғы шығарылымды өткізуге өтінім беруден бас тартты. 15 мамырда Nemo-ның туған қаласы Биль бұл іс-шараға қатысуға және оны бірлесіп өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді. 17 мамыр күні Фрибур қаласының жергілікті үкіметі өтінім берудің ықтималдылығын қарастырып жатқанын мәлімдеді. 5 маусым күні Базель-Штадт үкіметі байқаудың өткізілуі ықтимал орындары ретінде Санкт-Якобсхалле мен Санкт-Якоб Паркты ұсына отырып, қалалар арасындағы іріктеу байқауына қатысатынын растады. 6 маусым күні Биль және Берн муниципалитеттері бірлескен өтінім берудің ықтималдылығын жариялады. 12 маусым күні Санкт-Галлен іс-шараны өткізуге қойылатын талаптарға сай келмейтініне байланысты өтінімді ұсынбайтынын хабарлады.
SRG SSR телерадио хабарын таратушысы 2024 жылдың 27 мамырындағы аптада байқауды өткізуге мүдделі қалаларға қойылатын талаптар тізімін шығару арқылы қалалар арасындағы іріктеу байқау процесін бастады. Базель, Берн, Женева және Цюрих ресми түрде қызығушылық танытып, 28 маусымда өтінім беруін аяқтады. Байқауды өткізуші елдің телерадио хабарын таратушысының өкілдері шілденің басында іріктеу байқауына қатысушы төрт қалаға барды, ал 19 шілдеде Базель мен Женеваны іріктеп, шорт-листке енгізді. 30 тамызда ЕХТО және SRG SSR қабылдаушы қала ретінде Базельді жариялады, ал таңдалған өткізілу орны ретінде Санкт-Якобсхалле болды.
Белгілер: Өткізуші қала Шорт-листке енген Жеребеге өтінім берген Қала Өткізілу орны Жазбалар Базель† Санкт-Якоб Парк Бұл жерде УЕФА Еуропа лигасының финалы 2016 өтті және УЕФА әйелдер арасындағы футболдан Еуропа чемпионаты 2025 өтеді. Ұсыныс стадионды жабу үшін шатырдың құрылысына байланысты. Санкт-Якобсхалле Бұл жерде жыл сайын Swiss Indoors теннис турнирі өтеді. Берн қаласы Биль қаласымен бірге^ Neue Festhalle Ұсыныс Bernexpo кешенінің аумағында салынуы жоспарланған музыкалық алаңға негізделген болатын. Жеребеге Биль қаласымен бірге өтінім берді. Женева* Palexpo Жыл сайынғы Женева халықаралық автосалоны өткізілді. Сондай-ақ, Дэвис кубогы 2014 жарысының жартылай финалдары және Лейвер кубогы 2019 өткізілді. Санкт-Галлен Olma Hall — Цюрих^ Халленштадион 1993—2008 жылдары аралығында жыл сайынғы Zurich Open турнирі өткізілді. Swiss Life Arena —
Қатысушы елдер Eurovision ән байқауына қатысу құқығына ие болу үшін Eurovision жүйесі арқылы байқауды қабылдауға және оны бүкіл ел бойынша тікелей таратуға қабілетті Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болып табылатын ұлттық телерадио хабарын таратушысы қажет. ЕХТО барлық белсенді мүшелерін байқауға қатысуға шақырады. «Үлкен бестікке» кіретін елдер мен қабылдаушы ел Швейцария байқаудың финалына автоматты түрде өтеді деп, ал қалған барлық елдер екі жартылай финалдың біріне орналасады деп күтілуде.
2025 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 38 ел Eurovision 2025 ән байқауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Черногория екі жыл үзілістен кейін жарысқа қайта оралады және алдыңғы жылғы байқауға қатысқан 37 елдің қатарына қосылады. 2013 жылғы байқауда Who See тобымен бірге өнер көрсеткен Нина Жижич байқауға қайта оралады.
+ Eurovision 2025 ән байқауының қатысушылары Ел Телерадиохабарынтаратушы Әртіс Ән Тілі Әнавторлары Албания RTSH Shkodra Elektronike «Zjerm»«От» албан Армения Армения 1 Parg «Survivor»«Аман қалған» ағылшын Аустралия SBS Go-Jo «Milkshake Man»«Милкшейк-адам» ағылшын Аустрия ORF JJ «Wasted Love»«Босқа кеткен махаббат» ағылшын Әзербайжан İTV Mamagama «Run with U»«Сенімен бірге жүгіру» ағылшын Бельгия VRT Red Sebastian «Strobe Lights»«Стробоскоптар» ағылшын Германия NDR Abor & Tynna «Baller»«Атамын» неміс Грекия ERT Клавдия «Asteromata» (Αστερομάτα) «Жұлдызды көздер» грек Грузия GPB Маринам Шенгелия «Freedom»«Еркіндік» грузин, ағылшын Дания DR Sissal «Hallucination»«Галлюцинация» ағылшын Исландия RÚV Væb «Róa»«Есу» исланд Ирландия RTÉ Эмми «Laika Party»«Лайка кеші» ағылшын Италия RAI Лучио Корси «Volevo essere un duro»«Мен қатал болғым келген» италиян Испания RTVE Melody «Esa diva»«Ана қыз» испан Израиль IPBC Юваль Рафаэль «New Day Will Rise»«Жаңа күн келеді» ағылшын, француз, иврит Керен Пелес Кипр CyBC Тео Эван «Shh»«Тсс» ағылшын Латвия LTV Tautumeitas «Bur man laimi»«Маған сәттілік алып кел» латыш Литва LRT Katarsis «Tavo akys»«Сенің көздерің» литва Люксембург RTL Лора Торн «La poupée monte le son»«Қуыршақ дыбысты күшейтіп жатыр» француз Мальта PBS Мириана Конте «Serving»«Қызмет ету» ағылшын Нидерланд AVROTROS Клод «C'est la vie»«Осындай өмір» француз, ағылшын Норвегия NRK Кайл Алессандро «Lighter»«Оттық» ағылшын Польша TVP Юстина Стечковская «Gaja»«Гая» поляк, ағылшын Португалия RTP Napa «Deslocado»«Ауыстырылған» португал Сан-Марино SMRTV Габри Понте «Tutta l'Italia»«Бүкіл Италия» италиян Сербия RTS Принц «Mila»«Қымбаттым» серб Словения RTVSLO Клемен «How Much Time Do We Have Left»«Бізде қанша уақыт қалды» ағылшын Украина Suspilne Ziferblat «Bird of Pray»«Дұға құсы» ағылшын, украин Ұлыбритания BBC Remember Monday «What the Hell Just Happened?»«Жаңа ғана, құрып кеткір, не болды?» ағылшын Финляндия Yle Эрика Викман «Ich komme»«Мен келе жатырмын» фин Франция France Télévisions Луан «Maman»«Ана» француз Хорватия HRT Марко Бошняк «Poison Cake»«Уланған торт» ағылшын Черногория RTCG Нина Жижич «Dobrodošli»«Қош келдіңіз» черногор Чехия ČT Adonxs «Kiss Kiss Goodbye»«Сүй, сүй, қош бол» ағылшын Швеция SVT KAJ «Bara bada bastu»«Жай ғана саунаны пайдалан» швед Швейцария SRG SSR Зои Мэ «Voyage»«Саяхат» француз Эстония ERR Томми Кэш «Espresso macchiato»«Эспрессо макиато» италиян, ағылшын
ЕХТО мүшелері Босния және Герцеговина — 2024 жылға арналған телерадио хабарын тарату бағдарламасында Босния және Герцеговина радио және телевидениесі (BHRT) өзінің бір жылға арналған жоспарларын, оның ішінде «2025 жылы Eurovision ән байқауына қайта оралу мүмкіндігін қарастыратын уақыт келді» деген мәлімдемесін жасады. Қазіргі уақытта телерадио хабарын таратушы өзінің қарыздарының кесірінен ЕХТО санкциясында. Босния және Герцеговина соңғы рет 2016 жылғы байқауға қатысты. Нидерланд — 2024 жылдың 6 маусымында голландиялық AVROTROS телерадио хабарын таратушысы 2024 жылғы байқаудың қайшылықтарынан кейін, соның ішінде сол жылғы Нидерланд өкілі Йост Кляйнді финалдан шеттетуден кейін өзінің 2025 жылғы байқауға қатысуы байқауды ұйымдастырудағы «құрылымдық түзетулерге» байланысты болатынын мәлімдеді.
ЕХТО мүшелері емес Косово — 2024 жылдың 6 маусымында RTK телерадио хабарын таратушысының бас директоры Шкумбин Ахметчекай ЕХТО-ға Eurovision 2025 ән байқауына қатысуға рұқсат беруін сұрайтын ресми хат жолдады. Лихтенштейн — 2024 жылдың мамыр айында Lichtensteiner Vaterland газеті елдің ұлттық телерадио хабарын таратушысы «Radio Liechtenstein» Eurovision ән байқауында дебют жасау мақсатында ЕХТО-ға мүшелікке ұмтылуда деп хабарлады.
Қатыспайтынын растаған елдер Словакия — 2024 жылдың 8 сәуірінде Словакияның RTVS телерадио хабарын таратушысының маркетингтік коммуникация бөлімінің басшысы Зузана Вицелова бюджеттің қысқаруына байланысты Словакия 2025 жылы байқауға оралмайтынын мәлімдеді. Словакия соңғы рет 2012 жылғы байқауға қатысты. Молдова — бастапқыда қатысуын растап, өз өкілін таңдау үшін ұлттық іріктеуді ұйымдастырғанымен, 2025 жылдың 22 қаңтарында Молдова экономикалық мәселелерге байланысты 2025 жылғы байқауға қатыспайтынын хабарлады.
Шолу Бірінші жартылай финал Бірінші жартылай финал Жазғы Орталық Еуропа уақытымен 13 мамыр күні сағат 21:00-де басталады (Қазақстан уақытымен 2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 00:00-де). Оған бәсекелес он бес ел қатысады. Осы елдер және Италия, Испания, Швейцария және «Әлемнің қалған бөлігі» бірінші жартылай финалда дауыс береді.
2025 жылғы байқаудың бірінші жартылай финал қатысушылары Реттілік Ел Әртіс Ән 1 Исландия Væb «Róa»«Есу» 2 Польша Юстина Стечковская «Gaja»«Гая» 3 Словения Клемен «How Much Time Do We Have Left»«Бізде қанша уақыт қалды» 4 Эстония Томми Кэш «Espresso macchiato»«Эспрессо макиато» Испания Melody «Esa diva»«Ана қыз» 5 Украина Ziferblat «Bird of Pray»«Дұға құсы» 6 Швеция KAJ «Bara bada bastu»«Жай ғана саунаны пайдалан» 7 Португалия Napa «Deslocado»«Ауыстырылған» 8 Норвегия Кайл Алессандро «Lighter»«Оттық» 9 Бельгия Red Sebastian «Strobe Lights»«Стробоскоптар» Италия Лучио Корси «Volevo essere un duro»«Мен қатал болғым келген» 10 Әзербайжан Mamagama «Run with U»«Сенімен бірге жүгіру» 11 Сан-Марино Габри Понте «Tutta l'Italia»«Бүкіл Италия» 12 Албания Shkodra Elektronike «Zjerm»«От» 13 Нидерланд Клод «C'est la vie»«Осындай өмір» 14 Хорватия Марко Бошняк «Poison Cake»«Уланған торт» Швейцария Зои Мэ «Voyage»«Саяхат» 15 Кипр Тео Эван «Shh»«Тсс»
Екінші жартылай финал Екінші жартылай финал Жазғы Орталық Еуропа уақытымен 15 мамыр күні сағат 21:00-де басталады (Қазақстан уақытымен 2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 00:00-де). Оған бәсекелес он бес ел қатысады. Осы елдер және Франция, Германия, Ұлыбритания және «Әлемнің қалған бөлігі» екінші жартылай финалда дауыс береді.