Қарадиірмен, Қарадермен – Шығыс Қаратау жотасының батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Жармыш ауылының батысында 13 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 316 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5-3 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейлері уақытша ағатын сулардың шаюынан эрозиялық процестерге ұшыраған. Солтүстігінде Солтүстік Ақтау, батысында Батыс Қаратау, оңтүстік-батысында Қарақыз-Қоғақыз жоталары орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды сұрғылт қоңыр, сұр топырағында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, бұйырғын, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары