«Майдандардың қиылысуы» () — Сталинград шайқасындағы елеулі оқиғаға арналған монумент.
Сталинград түбінде шоғырланған жау әскерлерін қоршау және талқандау мақсатымен 1942 жылдың қарашасында кездескен Оңтүстік-батыс майданы мен Сталинград майданының жауынгерлері соғыс бағытын кері бұруға ұмтылды. Монументте жаяу әскер, атты әскер, мотоатқыш пен танк әскерлерінің жауынгерлері майдан жалауларын және қаруларын ұстаған күйінде бейнеленген.
Ескерткіштің биіктігі — 16 метр. Ол 11 метрлік төбенің үстіне орнатылған.
Авторы КСРО халық суретшісі Евгений Вучетич болды. Сәулетшілері — Леонид Поляков пен Леонид Дятлов.Поездки. Пятиморск
«Майдандардың қиылысуы» монументі Ресейдегі федералдық маңызы бар мәдени мұра нысаны болып келеді.
нобай|солға|240px|
Дереккөздер
Тағы қараңыз Семсерден соқа соғып шығарайық Мамаев қорғаны
Санат:Мүсіндер Санат:Волгоград облысы Санат:Ұлы Отан соғысы ескерткіштері