Ернар Айдар (шын аты – Ернар Жаңабайұлы Айдаров; 1991 жылы 13 наурызда туған, Өзбекстан КСР, Науаи облысы) – қазақ эстрада әншісі және ән жазушысы; қазақ тілінде ән айтады.

Өмірбаяны Әлімұлы елінің Шөмекей руынан шыққан. Ернар Айдар 2008 жылы Тараз қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепті бітірген. 2008 жылы Тараз қаласында өткен облыстық концертте алғаш рет сахнаға шықты. 2011 жылы өзінің алғашқы «Жарғым-ай» әнін жазып, сол жылдың ең танымал әртісі атанды. 2009 жылы мектепті бітірген соң Қазақ ұлттық аграрлық университетіне оқуға түсті. 2011 жылы Талғат Айдар Ернар Айдардың продюсері болып, Ernar Aidar Production продюсерлік орталығы құрылды. 2016 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсті.

Шығармашылығы

Белсенді жылдары Музыкалық чарт рейтингтерінің қорытындысы бойынша 2011 жылы Ернар Айдар жылдың ең жылдам танылған әртісі атанды. 2012 жылы «Жарығым-ай» атты алғашқы альбомын шығарып, Қазақстан бойынша гастрольдік сапармен болды. 2017 жылдың 4 желтоқсанында «Күнім сен сөнбеші» трегі танымал болып, сол жылы Ернар өзінің концертіне «Күнім сен сөнбеші» деген атау берді.

Астана қаласының күніне орай Ернар Айдар Қазақстан халық әртістері Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Мирамбек Беспаев, Тоқтар Серіков, Мұхасан Шахзадаев, Саят Медеу, Досымжан Таңатаровтардың қатысуымен үлкен концерт берді.

2019 жылдың 20 желтоқсанында «Алматы Арена» кешенінің сахнасында және 22 желтоқсанда Астанадағы «Барыс Арена» кешенінде Ернар Айдардың «Махаббат қаласы» атты концерттері өтті. Шоуда сонымен қатар Араш, Сердар Ортач және Океана, әйгілі Wake Up би шоу жобасы болды және қойылымды киевтік Андрей Еремин басқарды.

2021 жылдың 19 мамырында шыққан «Сүйген жүрек» трегі ең танымал болып, аз уақыт ішінде хитке айналды.

Орындаулары Жеке концерттерКүніАтыӨткізу жеріҚала2013Жарығым-айРеспублика СарайыАлматы, Қазақстан2014Жарығым-айРеспублика СарайыМоңғолия, Қытай, Өзбекстан, Алтай Республикасы, Ресей2015Ақ бақытымРеспублика СарайыАлматы, Қазақстан2016ЖараймаРеспублика СарайыАлматы, Ташкент2017Күнім Сен СөнбешіРеспублика СарайыАлматы, Қазақстан2018Күнім Сен СөнбешіОКЗАлматы, Қазақстан2019Mahabbat QalasyРеспублика СарайыАлматы, Қазақстан2020Күнім Сен СөнбешіРеспублика СарайыАқтау, Ақтөбе, Орал

Марапаттары 2014 жыл — «Алтын микрофон» ұлттық музыкалық байқауының «Үздік әнші жігіт» номинациясының жеңімпазы. 2015 — «Жыл серпілісі» «Муззона». 2016 — «Интернет таңдауы» номинациясы бойынша V Еуразиялық EMA-2016 музыкалық сыйлығы.

Дискографиясы Жылдар Apple Music каталогы (цифрлық басылымдар) бойынша көрсетілген. Жылы Атауы Тректер 2013 «Жарығым-ай» 8 2013 «Жарайма» 9 2013 «Сонда да сүйем» 8 2013 «Қайран жеңгем» 8 2014 «Сағындым» 9 2014 «Ұмыттың ба?» 10 2015 «Сүйіп алам» 8 2015 «Шайхана» 8 2015 «Ғашықпын» 8 2016 «Қазақстаным — Ұлы Отаным-ай» 9 2016 «Қызғаншағым-ай» 10

Бірлескен жұмыстары 2023 жылы Қайрат Нұртаспен бірге «Сенде жүрек жоқ» дуэт нұсқасын шығарды (премьерасы 2023 жылғы 10 қаңтар; әннің алғашқы нұсқасы 2016 жылы шыққан).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Науаи облысында туғандар Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:YouTube күміс батырма иелері Санат:Өзбекстан қазақтары