«Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі — Ішкі істер органдарындағы қызмет беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының марапаттары.

Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.

Медал туралы ереже Медальмен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар, қызметінде оң сипатталған және қызметтік міндеттерін үлгілі атқаратын ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.

Дәрежелері «Ішкі істер органындағы қызметі үшін» медалі үш дәрежеден тұрады: 1 дәрежелі — 20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға 2 дәрежелі — 15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға 3 дәрежелі — 10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға.

Медал төменнен жоғары дәрежеге қарай рет-ретімен беріледі.

Сипаттамасы 1-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі Медаль жезден жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.

Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар.

Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «20 жыл» деген жазу жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 5 мм екі қызыл жолақ, олардың арасында ені 6 мм сары жолақ бар. Таспаның ені 30 мм.

Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.

2-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі Медаль мельхиордан жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.

Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар. Танымбелгі, жазу және жұлдыз алтын жалатылған.

Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «15 жыл» деген жазу жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 3 мм екі сары жолақпен кезектесетін үш қызыл жолақ орналасқан, шеткілерінің ені 4 мм, орташасыныкы 2 мм. Таспаның ені 30 мм.

Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.

3-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі Медаль мельхиордан жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.

Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар.

Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «10 жыл» деген жазу жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 3 мм үш сары жолақпен кезектесетін төрт қызыл жолақ орналасқан, шеткілерінің ені 4 мм, орташасыныкы 1 мм. Таспаның ені 30 мм.

Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.

Тағы қараңыз «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері» медалі Дереккөздер Униформиус Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығы. Күші жойылды — Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығы. Санат:Қазақстан медалдары