Карьер«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (французша carrière – тас алынатын шұңқыр) – кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларының жиынтығы; кен байлықтарын ашық әдіспен өндіретін тау-кен кәсіпорны. Көмір өндірісінде карьер көмір қимасы деп аталады. Ашық әдіспен кен өндіру палеолит дәуірінен белгілі. Ең алғашқы ірі карьерлер ежелгі Египетте пирамидалар салуға байланысты пайда болған. Ауданы бірнеше км² , тереңд. 300 – 400 м-ге жететін, қабырғалары көлбей сатыланған өте үлкен шұңқыр түрінде қазылған. Кен қалыңдығы 10 – 20 м-лік қабаттармен сатылап қазылып алынды. Қазіргі карьерлерде жұмыс өнімділігі жоғары машиналар мен механизмдер жұмыс істейді. Қопару ұңғыларын бұрғылау үшін бұрғылау қондырғылары қолданылады. Аршу, өндіру жұмыстарында кентас, бос жыныстарды тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 100 – 300 т карьерлік автокөліктер пайдаланылады. Сондай-ақ, электрлендіру, желдету, судан құрғату жұмыстары жүргізіледі. Қазақстанда аса ірі Қоңырат, Соколов-Сарыбай кен орындарында, Екібастұзда (мысалы, “Богатырь” көмір қимасы) көптеген карьерлер бар.

Дереккөздер:

Санат:Ашық тау-кен ісі