нобай|Баазов тұрған үйдегі еске алу тақтасы, Тбилиси

Давид Менахемович Баазов (, ; 1883 жыл, Цхинвал – 1947 жыл, Тбилиси) — грузиялық раввин, қоғам қайраткері, сионист саясаткер.

Баазовтың оқытқаны қалыпты православ діндарлық, ағартушылық пен сионизмнен тұратын. Ол сол кезде Ресей империясының жері болған Цхинвал қаласындағы раввиндер отбасында дүниеге келген. Ол Слуцк пен Вильнюсте еврей философиясы мен тарихын оқып, сол жерде сионистік идеяларға жақын болды.

Өмірбаяны Баазов 1903 жылы Базельдегі қатысты. Грузияға оралғасын ол Ониде раввин болып, көп ұзамай Грузиядағы сионизм қозғалысының басты тұлғасына айналды. Оның саяси көзқарасына қарсы антисионист раввиндер, грузин еврейлерін «ұлты бойынша грузиндер, діні ғана бойынша Израиль ұрпақтары» деген ассимиляцияшыл еврей зияткерлері шығатын.

1918 жылы Баазов ebraelis khma (Еврей даусы) тұңғыш грузин-еврей сионист газетін шығарды, бүкіл орыс және грузин еврейдің өкілін шақыртқан Тбилиси Бүкілеврей Конгрессінің құрылуына ат салысты. Конгресске аймақтың тек Кутаиси еврейлері қатыспады; бұл кезде қала елдің «антисионизм орталығы» еді. Осы кездері Баазов Ахалцихеде раввин қызметін атқарған еді. Жергілікті мұсылмандармен жақсы қатынас ұстаған Баазов 1918 жылғы османдар оккупациясынан біраз христиандарды сақтап та қалды.

1921 жылғы Грузияның кеңестенуінен кейін Баазов ұлы Герцельмен бірге еврей мектептерін, makaveeli (Маккабей) журналын құрды. Антикеңестік 1924 жылғы көтерілістен кейін кеңестік билік журналды жапты. Келесі жылы Баазов бірнеше еврей отбасыны Израиль жеріне сәтті қоныстады да, осылайша Грузиядан келген Алияның тұңғыш толқынын жасады.

1938 жылғы Үлкен террор кезінде Баазовтың екі ұлын НКВД қамауға алды, Герцель ату жазасына кесілді. Көп ұзамай сионист қызметі үшін Баазовтың өзі де қамауға түсті де, ату жазасына кесілді. Алайда бұл жаза жеңілдетілді де, ол Сібірге қуылды. 1945 жылы ол Грузин Кеңестік Социалистік Республикасына оралып, оқытумен айналысып кетті.

Еске алу Ең көп Баазов өмірі жайлы жазған және еңбектерін жинаған оның қызы Фаина Давидовна Баазова (1912–1980) еді. Тбилисидегі Грузиялық Еврейлер Тарихының Музейі Баазовтың құрметіне аталған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Баазов Давид (орысша) Еврей онлайн-энциклопедиясы.

Санат:Сионизм тұлғалары Санат:Дүниежүзі сионистік құрылтайлар делегаттары Санат:Еврей қоғамдық ұйымдарының қайраткерлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Елдер бойынша раввиндер Санат:XX ғасыр раввиндері