«Қайырлы кеш, біз Украинадан боламыз» (; түпнұсқа атауы: «Қайырлы кеш (Сіз қайдан боласыз?)», ) — 2021 жылдың қазан айында жарияланған «PROBASS ∆ HARDI» тобының украин ұлттық стиліндегі электронды синглі, сондай-ақ, 2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін танымал болған Украинадағы бейресми әскери сәлемдесу. Трек 2022 жылдың наурыз айында украиналық Apple Music чартында 8-орынға жетті. Бұл фразаны қандай да бір қосымша аудармаларсыз ұдайы қолдану фразаның шет елдерде де танымал болуына түрткі болды. Фразаның авторы — Марко Владимирович Галаневич, украиндық музыкант, «ДахаБраха» тобының фронтмені және вокалисті.

Тарихы thumb|left|250px|Фраза жазылған 2022 жылғы Украина пошта маркасы Сингл 2021 жылдың қазан айында шығарылды. Авторлары — Кременчуг қаласынан шыққан «PROBASS ∆ HARDI» тобы.

Трек TikTok платформасында танымалдылыққа ие болды, онда бұл тректі қолданып 730 мыңнан астам видео шығарылды. Сондай-ақ, бұл ән интернетте әртүрлі нұсқаларда ондаған миллион қаралымға ие болды.

Соғыс кезіндегі ұран thumb|right|250px|«Қайырлы кеш, біз Украинадан боламыз» жазуы бар танк аузы Тректің негізгі мәтіндік «Қайырлы кеш, біз Украинадан боламыз» фразасы 2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Украинадағы бейресми әскери сәлемдесу ретінде танымал болды және кең қолданысқа ие болды. Бұл фразаны қолданып Николаев облысы мемлекеттік әкімшілігі басшысы Виталий Ким, Украина Қарулы Күштері, қорғаныс министрі Олексій Резніков және журналисттер өздерінің видеожолдауларын бастайды. Бұл тректің орындаушылардың сөздерінше бұл трек Украинаның көптеген бомбапаналарында шырқалып, украиндардың рухын көтереді.

Мойындалуы 2022 жылғы 15 наурызда Кременчуг қалалық кеңесінің сессиясында Кременчуг қаласының әкімі Виталий Малецкий «Қайырлы кеш, біз Украинадан боламыз» әнінің авторларына марапат белгілерін табыс етті. Артем Ткаченко (DJ ProBass) — «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін, Максим Мокренко (DJ HARDI) — төсбелгісі және Кременчуг әкімінің алғыс хатын алды.

Дереккөздер

Санат:Украина патриоттық әндері Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі жайлы әндер