Эдмунд Галлей () — ағылшын астрономы, геофизигі және математигі.

Ол алғаш рет кометаның орбитасын есептеп, оның көріну жиілігін анықтап шығарған. Бұған орай сол алғашқы зерттелген комета Галлейдің атымен аталды.

1678 жылдан бастап ол Лондон корольдік қоғамының мүшесі, 1703 жылдан Оксфорд университетінің профессоры болды. 1720 жылдан бастап Корольдік астроном лауазымын иеленді, яғни Гринвич обсерваториясының директоры болды.

Оңтүстік Африка мен Америка жағалауларына жасалған экспедициялардың қорытындысы бойынша Галлей алғашқы геомагниттік картаны жасады (1701). Ол жер магнетизмі мен полярлық жарқылдың табиғаты жайлы тиянақты зерттеулер жүргізді.Қазақ совет энциклопедиясы, 3-том.

1705 жылы ол Astronomiae cometicae synopsis атты еңбегін жариялап, онда кометалардың орбиталары бар екенін дәлелдеді. Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңын пайдаланып, бір кометаның нақты келу-алыстау жиілігін анықтады, соны 1758 жылы аспанда тағы көруге болады деген болжам жасады. Айтқан уақытта сол кометаны Жерден бақылауға болды, теорияның дұрыс болуына орай оған ғалымның есімі берілді.

50-ге келіп, ол араб тілін меңгерген. Ежелгі грек астрономы мен геометрі Аполлониустың Conics атты еңбегін грек тілінен және арабша аудармалынан ағылшынға аудару жұмыстарын сәтті аяқтаған. Геометрия бойынша ежелден жеткен осы елеулі еңбекті аударуды оның Оксфордтағы әріптесі Эдвард Бернард бастаған еді.M.B. Hall, Arabick Learning in the Correspondence of the Royal Society, 1660–1677, The 'Arabick' Interest of the Natural Philosophers in 17th-Century England, p.154

Галлей есімімен аталған нысандар Галлей кометасы Галлей (Ай кратері) Галлей (Марс кратері) Галлей (Антарктикалық станция) Әулие Елена аралындағы төбе (680 м)

нобай|солға|Вестминстер аббатығындағы естелік тақта Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания астрономдары Санат:Ұлыбритания физиктері Санат:Корольдік астрономдар Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Француз ғылым академиясының мүшелері Санат:Оксфорд тұлғалары Санат:Галлей кометасы