2024 жылғы 7 ақпанда Әзербайжанда президент сайлауы өтті. Бастапқыда 2025 жылғы қазанда жоспарланған бұл сайлауды президент Әлиев 2023 жылғы желтоқсанда кезектен тыс қылды да, 2024 жылдың басына, Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейінгі уақытқа жылжытты. Қақтығыстан кейін Арцах Республикасы атты сепаратистік мемлекет жоқ болды да, Әзербайжан бүкіл Таулы Қарабақты өз құрамына енгізді. Операцияның сәтті болғанынан сайлаудың өзі "Жеңіс сайлауы" () болып аталып кеткен.
Әзербайжан — авторитарлық жүйесі бар, тәуелсіз медиасы репрессияланатын мемлекет. Елдегі басты екі оппозициялық партия, Мүсават пен Әзербайжан Халық майданы, сайлаудың демократиялығына күмән келтіріп, үміткер ұсынбайтынын айтты да, сайлаушыларды дауыс бермеуге шақырды. Сайлаудағы үміткерлердің кейбірі бұрын Әлиевті ашық түрде мақтайтын.
Алғышарттары Алдынғы 2018 жылғы президент сайлауы да кезектен тыс өткен еді; оның нәтижесінде елді 2003 жылдан бері басқарып келе жатқан авторитарлық президент Ильхам Әлиев ресми дерек бойынша 86% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Оппозиция өкілдері бұл сайлауға қарсы бойкот жариялаған еді.
Таулы Қарабақтағы қақтығыстар
Әзербайжанның Таулы Қарабақ аумағында үкімет пен армяндық сепаратистер арасында онжылдықтар бойы созылған қақтығыстар жүретін. 1994 жылдан бері бұл аймақ халықаралық деңгейде де-юре Әзербайжанның жері болып саналатын болса да, оны де-факто мойындалмаған Арцах Республикасы басқарып жүрген еді.
2023 жылғы қыркүйекте Әзербайжан Қарулы Күштері Арцахқа қарсы ірі шабуыл жасаған. Операция бір күнге ғана созылды, нәтижесінде Арцах күштері берілді де, Республика ыдырады, аймақ толықтай Әзербайжан жері болды.
Кезектен тыс сайлаудың жариялануы Әзербайжан Сайлау кодының 178-бабы бойынша сайлау Президент мерзімі соңғы жылының қазанындағы үшінші сәрсенбісінде өту керек делінген. 2016 жылғы конституциялық референдум нәтижесінде президент мерзімі 5 жылдан 7 жылға созылды, кейін Әлиев 2018 жылы қайта сайланды да, келесі сайлау 2025 жылғы 15 қазанда өту керек еді.
Әзербайжан Конституциясының 101-бабы Әзербайжан президентіне кезектен тыс сайлау жариялауға рұқсат береді. 2023 жылғы 7 желтоқсанда Әлиев Жарлығы арқылы келесі президент сайлауының 2024 жылғы 7 ақпанда өтетінін бекітті.
Сайлаудың кезектен тыс өтетініне Әлиев ресми себеп берген жоқ. Reuters журналистері бұл күнді 2023 жылы болған Таулы Қарабақтағы жеңістен кейінгі Әлиевтің танымалдығының «шынға жетуімен» байланыстырады.
Сайлау жүйесі Әзербайжан президенті жетіжылдық мерзімдерге, тікелей сайлау жүйесі арқылы сайланады. Сайлауда еш үміткер 50% астам дауыс жинай алмаса, абсолюттік көпшілік жүйесі бойынша сайлаудың 2-айналымы өтеді де, ең көп дауыс жинаған үміткердің екеуі ғана оған қатысады.
Сайлау барысы Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың ресми жоспары:
КүніОқиғасы9 желтоқсан 2023Үміткерлердің ұсынылуы басталды.19 желтоқсан 2023 – 8 қаңтар 2024, 18:00 UTC+4Үміткерлердің қолтаңба жинауы.15 қаңтар–6 ақпан 2024, 08:00 UTC+4Сайлауалды науқан.28 қаңтар 2024Сайлау бақылаушыларының тіркелуі аяқталды.7 ақпан 2024Сайлау күні, дауыс беру 08:00–19:00 UTC+4 аралығында өтеді.Кешке, 7 ақпан 2024Сайлау нәтижелерінің дайын болуы.17 ақпан 2024Конституциялық сот сайлау нәтижелерін тексереді де, растайды.
Үміткерлері Әзербайжан Республикасының аумағында 10 жылдан астам тұрақты тұратын, сайлауға қатысуға құқығы бар, ауыр қылмыс үшін сотталмаған, басқа мемлекеттер алдында міндеттемелері жоқ, жоғары білімі бар және қос азаматтығы жоқ Әзербайжанның әр азаматы Президент болып сайлана алады.
Тіркелгендері Үміткер аты-жөні мен жасы,<br/ >саяси партиясыСаяси лауазымдарыҚосымшаТіркелу күніИльхам Хейдарұлы Әлиев<br/ >()<br/ >Жаңа Әзербайжан141x141pxӘзербайжан президентіЖаңа Әзербайжан төрағасыӘзербайжан премьер-министріЖаңа Әзербайжан партиясы Әлиевтің құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына 2023 жылғы 17 желтоқсанда тапсырған.30 желтоқсан 2023Фуад Ағасыұлы Әлиев()ПартиясызӘзербайжан либералды-демократиялық партиясының төрағасы2008 жылғы президент сайлауында үміткер болған.3 қаңтар 2024Зайыт Магеррамұлы Орудж()Партиясыз165x165pxҰлттық Мәжіліс депутаты(2003–)Парламенттің про-Әлиевтік депутаты. Ол бұрын 2018 және 2013 жылғы президент сайлауларына қатысты, 2023 жылғы 8 желтоқсандағы интервьюде Әлиевті мақтады. Оған қарамастан, ол кейін сайлауға қатысатынын жариялады да, 17 желтоқсанда өз құжатын тапсырды.6 қаңтар 2024Фазыл Газанфарұлы Мұстафа()Ұлы тәртіп партиясы138x138pxҰлттық Мәжіліс депутаты(2005–)2023 жылғы 17 желтоқсанда Ұлы тәртіп партиясы Мұстафаның құжаттарын тапсырған еді.9 қаңтар 2024Елшад Мұсаев(60)Ұлы Әзербайжан партиясы138x138pxҰлы Әзербайжан партиясының төрағасы2023 жылы қайта тіркелген Ұлы Әзербайжан партиясының төрағасы. Бұрын 2003 жылғы президент сайлауында үміткер болған.9 қаңтар 2024Разы Құламәліұлы Нұроллаев(52)Ұлттық майдан партиясы138x138pxҰлттық майдан партиясының төрағасыҰлттық Мәжіліс депутаты2020 жылы қайта тіркелген Ұлттық майдан партиясының төрағасы. Бұрын 2018 жылғы президент сайлауында үміткер болған.Құдырет Мұзафарұлы Асанқұл(59)Бірыңғай Халық майданы партиясы138x138pxБірыңғай Халық майданы партиясының төрағасыҰлттық Мәжіліс депутаты2004 жылдан бері Бірыңғай Халық майданы партиясының төрағасы. 2003 жылдан бері елдегі президент сайлауларына қатысады.
Сайлауалды науқандар нобай|солға|Президент Ильхам Әлиевтің Ханкендіде дауыс беруі
Елшад Мұсаев Ұлы Әзербайжан партиясы Мұсаевтың кандидатурасын «Әр зат жеңген халық үшін!» () слоганымен жариялаған еді. 2024 жылғы 17 қаңтарда Мұсаев Гобустан ауданында сайлаушылармен кездесті.
Фазыл Мұстафа Ұлы тәртіп партиясының атынан үміткер болған Фазыл Мұстафаның сайлауалды слоганы «Демеуіміз: Жаңалайтын, еңбекқор адам! Мақсатымыз: әлеуметтік Әзербайжан мемлекеті» () болған.
2024 жылғы 17 қаңтарда Мұстафа сайлаушылармен Сабунчу ауданында кездесті. Ол кезде ол бұрынғы президент Әбүлфаз Елшібеймен жұмыс істеген Огтай Қасымовпен бірге жүрген.
Фуад Әлиев Партиясыз үміткер болған Фуад Әлиев сайлауға «Бай азамат, бай ел» () слоганымен қатысқан еді. Сайлауалды науқанын бастаймын деп Фуад сайлаушылармен 16 қаңтарда Бинә елді мекенінде кездескен еді.
Ильхам Әлиев Жаңа Әзербайжан партиясы өзінің слоганын сайлауалды науқанның басталған салысымен жариялады. ЖӘ атынан қатысқан ресми кандидат Ильхам Әлиев «Жеңген халықтың жеңген көшбасшысы» () слоганымен жүрді.
Әлиевтің өзі сайлауалды дебаттарға қатысқан жоқ, орнына өкілін жіберді.
Құдырет Асанқұл 2023 жылғы 21 желтоқсанда президентікке үміткер болған Құдырет Мұзафарұлы Асанқұл БАҚ өкілдерімен кездесіп, өз сайлауалды бағдарламасын жария қылды. Президент болып сайланған жағдайда Асангүл Әзербайжан өз атауын конституциялық референдум арқылы «Солтүстік Әзербайжан Республикасы» өзгертетін болады, Әділет министрлігі мен Бас прокуратура бірігеді, ел 15 әкімшілік бірлікке бөлінеді, жұмысшылардың жалақылары көтеріледі, Әзербайжан әскеріндегі міндетті қызмет мерзімі 6 ай болады және "бала жәрдемақысы" жүйесі пайда болады деп уәде берді.
Оған қоса Асанқұл жасаған ұсыныстар қатарында біраз либералдық реформалар болған, соның ішінде: Ильхам Әлиев есімінің сақталуы, 9 ай ішінде жаңа Конституцияның және парламенттік республика жүйесінің қабылдауы, 2025 жылғы парламент сайлауының пропорциялық сайлау жүйесі арқылы өткізілуі, Ұлттық Мәжіліс атауының «Жоғарғы Мәжіліс» болып өзгертілуі, президент өкілеттігінің азайтылуы, сайлану мерзімінің 5 жылға төмендетілуі, депутат санының 151 адамға көтерілуі, парламент сайлану мерзімінің азайтылуы, 18 жасқа толған қыздардың міндетті әскери қызмет өтуі және тағы басқа.
«Әділет, Заң, Демократия» () слоганымен жүрген Асанқұл 17 қаңтарда Сумгайыт қаласында сайлаушыларымен кездесті.
Разы Нұроллаев Ұлттық майдан партиясының (ҰМП) атынан сайлауға қатысқан Разы Құламәліұлы Нұроллаев партияның идеологиясын социал-демократия екенін жариялады да, өз бағдарламасының көбі әл-ауқаттылыққа көп мән беретінін айтты.
ҰМП төрағасы болып келетін Нұроллаев өзіне «Әлеуметтік әділет, социал-демократия!» () слоганын таңдап алған. Өз сайлауалды бағдарламасын ол көбіне әлеуметтік медиа арқылы жүргізді. Сайлауалды үгітін ол өзінің туған Имишли ауданынан бастады.
Зайыт Орудж 2024 жылғы 9 қаңтарда Оруджтың сайлауалды платформасы кандидат бағдарламасын «4-Республика — Әзербайжан жеңісінің 100 жылдығы» деп атады.
Өз сайлауалды бағдарламасын жариялағанда Орудж өз слоганын да жария етті: «Жеңіс болашағына ИӘ!» (). Сайлауға қатысу себебі ретінде ол Әзербайжанның Таулы Қарабақтағы жеңісінен бергі бүкіл Әзербайжанда сайлау өтуін айтты. Орудж сөзінше, сайлауға қатысудағы мақсат тек жеңіске жету емес.
Бағалау 2023 жылғы 29 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігі Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроға, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Түркі Мемлекеттерінің Ұйымына, Ислам ынтымақтастық ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және ГУАМ ұйымдарының өкілдеріне сайлауды бақылауға шақырғанын жариялады.
ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев сайлауды бақылау мақсатымен 13 желтоқсанда Әзербайжанға келетінін айтты.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бағынышты Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро сайлауды бақылауға 26 адамнан тұратын комиссия жіберетінін жариялады.
Орталық сайлау комиссиясының 6 қаңтардағы кездесуі барысында төраға Мәзаһир Панаһов сайлауды бақылауға 19 елдің 72 өкілі келгенін айтты. Оның сөзінше Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро 37 делегат, ТМД Парламентаралық ассамблеясы 17, Түркия Республикасы 5 және ТМД 9 делегат жіберген. Пәнаһов сөзінше Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлауды бақылайтын болады. Оған қоса сайлау бақылауға 228 жергілікті бақылаушы тіркелген делінеді.
2024 жылғы 16 қаңтарда Еуропалық парламент Әзербайжанға делегат жіберуден бас тартты.
ГУАМ Демократия және экономикалық даму ұйымы сайлауды бақылауға 5 адамнан тұратын делегация жіберді.
Сайлаудан кейінгі талдау Сайлаудан кейін ЕҚЫҰ өкілдер сайлаудың «еш бәсекесіз», «тым шектелген жағдайда» өткенін айтты да, «сыни пікірлі журналистердің жақында болған қамалулары БАҚ-тың тәуелсіздігіне кедергі болғанын» айтып кетті және дауыстардың әділ саналғанына күмән келтірді.
Нәтижелері 2024 жылғы 7 ақпан түнінде Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мәзаһир Пәнаһов сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. ОСК мәліметінше, жалпы дауыстардың 54.5% саналды да, 92.1% жинаған Ильхам Әлиев жеңіске жетті.
ҮміткерПартиясыДауыс саны%Ильхам ӘлиевЖаңа Әзербайжан4,577,69392.12Зайыт ОруджПартиясыз107,8772.17Фазыл МұстафаҰлы тәртіп партиясы98,6231.98Құдырет АсанқұлБірыңғай Халық майданы85,6071.72Разы НұроллаевҰлттық майдан партиясы39,7270.80Елшад МұсаевҰлы Әзербайжан партиясы32,9560.66Фуад ӘлиевПартиясыз26,5610.53Жалпы дауыс саны4,969,044100.00Тіркелген сайлаушылар/Дауыс бергендер6,478,840—Дереккөзі: Turan
Реакция Әлиевтің жеңісі жарияланғанда Бакуда қолдау маршы орын алды. Сайлаушылар жеңісті басқа қалаларда да тойлаған.
Мүсават оппозициялық партиясы сайлаудың демократиялығына күмән келтіріп, нәтижелерінің күшін жойғанын талап етті.
Жеңісінің жарияланғанынан кейін Әлиев түрлі мемлекет басшыларынан құттықтау алды. Солардың қатарында бірінші құттықтаған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев болды, одан кейін хабарласқандар арасында Беларусь президенті Александр Лукашенко, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Ирак президенті Абдул Латиф Рашид, Сербия президенті Александр Вучич, Пәкістан президенті Ариф Алви, Иран президенті Ибраһим Раиси, Қытай төрағасы Си Цзинпинь, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Володимир Зеленський болған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Әзербайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Санат:2024 жылғы сайлаулар Санат:2024 жылғы Әзербайжан Санат:Әзербайжандағы президент сайлаулары