QazBioPharm — биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру мақсатымен құрылған ұлттық холдинг.
Холдингтің жалғыз акционері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болса, құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Тарихы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаудың және отандық биофармацевтиканы дамытудың ұлттық жүйесін құру қажеттігін атап өтті.
Соған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 910 қаулысымен Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы құрылды."QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылды. Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алды.Форум туралы
Бас директорлары Күнсұлу Дальтонқызы Закария (2022-2023) Ерғали Орынбасарұлы Абдураимов (2023-)
Еншілес ұйымдары № Атауы Холдинг үлесі Орналасқан жері Филиалдары 1 «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 100% Жамбыл облысы, Гвардейский кенті — 2 «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС 100% Астана қаласы Алматы филиалы Степногорск филиалы 3 «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС 100% Астана қаласы — 4 «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС 100% Алматы қаласы — 5 «OtarBioPharm» ЖШС 100% Жамбыл облысы, Гвардейский кенті — 6 «БиоМедПрепарат» ғылыми-аналитикалық орталығы» ЖШС 100% Ақмола облысы, Степногорск қаласы — 7 «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ 100% Алматы қаласы — 8 «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС 100% Алматы қаласы Ақмола ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Ақтөбе филиалы Батыс Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Жамбыл ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Қарағанды ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Қызылорда ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Оңтүстік Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Павлодар қ. филиалы Солтүстік Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы Шығыс Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның ұлттық компаниялары