Ақбұлақ уезі — Қырғыз АКСР-дағы Ақтөбе губерниясының 1922-1924 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Орталығы Ақбұлақ ауылы болған Ақбұлақ уезі 1922 жылы 5 шілдеде құрылған. Құрамында 15 болыс болды:

Ақбұлақ. Орталығы — Ақбұлақ а. Астрахан. Орталығы — Астрахан а. Бабатай көшпелі Жиренқопа көшпелі Елек көшпелі Калинин. Орталығы — Калинин а. Ново-Алексеев. Орталығы — Ново-Алексеев а. Петропавлов. Орталығы — Петропавлов а. Сазды. Орталығы — Сазды а. Тамды көшпелі Томарөткел көшпелі Тұзтөбе көшпелі Харьков. Орталығы — Харьков а. Қобда көшпелі Жайсан. Орталығы — Жайсан а.

1922 жылы 27 шілдеде Ойыл ауданынан Ақбұлақ уезіне 6 болыс: Беловодск (орталығы - Беловодск ауылы), Қайыңды көшпелі, Қарағанды көшпелі, Киелі-Ойыл көшпелі, Ново-Надеждинск (орталығы - Ново-Надеждинск ауылы), Преображенск (орталығы – Преображенск ауылы) көшірілді.

1923 жылдың басында Темір уезінің Бабатай болысы Қайыңды болысына қосылды.

1923 жылы 26 сәуірде Беловодск және Ново-Надеждинск болыстары Преображенскіге, Калинин және Петропавлов — Ново-Алексеевкіге, Николаев және Харьков — Жайсанға қосылды. Елек болысының орталығы Шашқан, Қарағанды болысыныкы — Қарағанды ауылы, Преображенск болысыныкы — Сазды ауылы, Тұзтөбе — Томарөткел ауылы болды. Қайыңды болысы Темір уезіне берілді.

1924 жылы 16 қаңтарда Ақбұлақ уезі таратылды. Оның аумағы Ақтөбе уезіне қосылды.

Әдебиет

Санат:Ақтөбе губерниясы уездері