(323) Брюсия — Негізгі белдеудегі астероид, бұрын Марс орбитасын қиып өтетіндерге жатқызылатын.

Бұл неміс астрономы Макс Вольф ашқан алғашқы астероид болды (Гейдельберг обсерваториясында). Сондай-ақ астрофотография әдісімен ашылған алғашқы астероид болып келеді.

Астероид америкалық меценат, астрономия дамуының тілектесі Кэтрин Брюс құрметіне орай аталды.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (301—400) Санат:Астероидтар