Жел өтіндегі тағдырлар () — 1939 жылы Маргарет Митчеллдің аттас романы негізінде түсірілген тарихи мелодрама жанрындағы америкалық көркем фильм. Фильмнің оқиғалары азаматтық соғыс кезінде АҚШ—тың оңтүстігінде өтеді, сюжет Джорджия штатындағы плантация иесінің қызы Скарлетт О’Хараның оқиғасына негізделген.
Фильм «Оскардың» 12-ші марапаттау рәсімінде 13 номинацияның ішінен 8 «Оскар» сыйлығын жеңіп алды, оның ішінде «Үздік фильм», «Үздік режиссер» (Виктор Флеминг), «Үздік бейімделген сценарий» (Сидни Ховард, қайтыс болғаннан кейін), «Үздік актриса» (Вивьен Ли) және «Үздік көмекші актриса» (Хэтти МакДэниэль, «Оскар» алған алғашқы афроамерикалық әйел). Фильм номинациялар мен жүлделер саны бойынша рекорд орнатты.
«Жел өтіндегі тағдырлар» фильмі премьерасынан кейін керемет танымалдылыққа ие болды.Тарихтағы ең көп табыс әкелген фильмге айналып, 25 жылдан астам рекордты ұстады. Инфляцияны есепке алғанда, фильм тарихтағы ең жоғары табыс әкелген фильм болып қала береді, ол 3,7 миллиард доллардан астам табыс жинады.All Time Box Office Adjusted for Ticket Price Inflation / boxofficemojo.com Фильм барлық уақыттағы ең керемет фильмдердің бірі деп танылды.
Рөлдерде
Марапаттар мен номинациялар Фильм келесі номинациялар бойынша «Оскар» сыйлығын алды: Үздік фильм Үздік режиссер (Виктор Флеминг) Үздік актриса (Вивьен Ли) Үздік көмекші актриса (Хэтти МакДаниел) Үздік бейімделген сценарий Үздік операторлық жұмыс (түсті фильмдер – Эрнест Халлер және Рэй Реннахан) Үздік қоюшы суретші жұмысы Үздік монтаж
Ол тағы бес номинация бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылды.
Суретші Уильям Кэмерон Мензис түсті қолданғаны үшін «Оскар» құрмет медалін алды.
1940 жылы «Photoplay» журналынан «Құрмет» медалін алды.
1989 жылы ол АҚШ фильмдерінің ұлттық тізіліміне енгізілді.
Дереккөздер
Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ мелодрама фильмдері Санат:АҚШ тарихи фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Виктор Флеминг фильмдері Санат:Metro-Goldwyn-Mayer фильмдері Санат:АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі Санат:АҚШ романдарының экрандаулары