Тілеужан Мұқашұлы Мұқашев (1881, №1 ауыл, Ақтөбе уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 1937, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері.

Өмірбаяны 1911-1917 жылдары — Ақтөбе уезінің 3-бөлімі кеңсе хатшысы, белсенді әскерге мал сатып алу жөніндегі хатшы (Ор қ.). 1917 жылдың тамызынан бастап — Ақтөбе земство басқармасының; 1918 жылдың қыркүйегінен бастап – уездік милиция іс жүргізушісы болды. 1918-1921 жылдары — Ақтөбе атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болды, 1921-1923 жылдары — Ақтөбе губерниялық атқару комитеті мен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейін төрағасы болды, 1923-1924 жылдары — Қырғыз (Қазақ) АКСР орталық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі болды, 1924 жылдың наурызы — 1925 жылдың маусымы — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі төрағасы болды, 1925-1926 жылдары — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі мүшесі болды, 1926-1928 жылдары — Орал губерниялық сотының төрағасы болды, 1928-1930 жылдары — Орал аймақтық прокуратурасының прокуроры болды, 1930 жылы ақпан-тамыз — РКФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімшесі мүшесі болды, 1930 жылы — «Гигант» ұжымшарының төрағасы және бір уақытта Еңбекшіқазақ аудандық ұжымшарлар одағының төрағасы, 1931-1932 жылдары — Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. 1932 жылдың қазанынан 1937 жылдың қарашасына дейін — Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1936 жылдан бастап - Қазақ КСР Жоғарғы Соты) төрағасының орынбасары болды.

Сілтеме Қазақстан ЖС сайтындағы өмірбаяндар

Санат:Торғай облысында (Ресей империясы) туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары Санат:Ақтөбе қалалық атқару комитетінің төрағалары