Leroy Merlin (транскрипциясы: «Леруа Мерлен») — франциялық компания, Еуропадағы ең ірі DIY (Do-It-Yourself) сатушыларының бірі. 1923 жылы құрылған, Groupe Adeo құрамына кіреді.

Леруа Мерлен — үй, саяжай мен бақты тұрғызу, әрлеу және жайластыруға арналған тауарларды сатуға мамандандырылған халықаралық ритейлер-компания.

Groupe Adeo сату көлемдері бойынша әлемде 3-орынды және Еуропада 1-орынды иеленіп отыр, Грекия, Бразилия, Франция, Италия, Польша, Португалия, Испания, Ресей, Қытай, Түркия, Румыния және Украинадағы әр түрлі форматтағы (гипермаркеттер, орташа және кішкентай дүкендер, дискаунттерлер) DIY дүкендерін қамтиды.

250px|нобай|оңға|Leroy Merlin гипермаркеттер желісі бар елдердің картасы

Леруа Мерлен — бұл әлем бойынша 325 дүкен. Барлық дүкендерде бес негізгі бағыттар бойынша тауарлардың үлкен жиынтығы ұсынылған: үй, интерьер, құрылыс материалдары, жөндеу және бақ.

Тарихы 1923 Францияның солтүстігінде, Не-ле-Мин қаласында жұбайлар Адольф Леруа мен Роз Мерлен Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның солтүстік қалашықтарында америкалық әскерлер қалдырып кеткен заттарды сату бойынша "Сток Америкэн" алғашқы дүкенін ашады. Құрылыс және әрлеу материалдары ерекше сұранысқа ие болады. Адольф Леруа мен Роз Мерлен әрбір жанұяның өз арманындағы үйді тұрғызғысы келетіндігін өте тез түсінеді.

1960 "Сток Америкэн" сауда-саттық кәсіпорны Leroy Merlin-ге түрлендірілген. Бұл өз клиенттеріне тауарларды тегін жеткізу қағидасын қолданған Франциядағы алғашқы компания болып табылады.

1973-1979 Леруа Мерлен өз-өзіне қызмет көрсету дүкендері бүкіл Франция бойынша ашылады. Орталықтандырылған қызметтер (сатып алу бөлімі мен компьютерлік қызмет) құрылады. 70-жылдардың соңына қарай Леруа Мерлен штатында 500 адам жұмыс істейтін 8 дүкенді құрайды және ұлттық масштабтағы кәсіпорынға айналады.

1979 Леруа Мерлен Ашан тобымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қояды.

1989-1999 250px|нобай|оңға|Польшаның Калише қаласындағы Leroy Merlin гипермаркеті

Леруа Мерлен Испания, Италия, Польша және Бразилияда дүкендер ашады және DIY (Do-It-Yourself) секторында әлемдік нарықтарда алдыңғы орындарға ие болады.

2003-2004 Леруа Мерлен Португалия мен Испанияда (Aki), сонымен бірге Францияда (Obi) DIY компанияларын сатып алады. Леруа Мерлен DomPro және Weldom компанияларымен қосылады.

2004 Ресейдегі Мәскеу облысының Мытищи қаласында алғашқы дүкеннің ашылуы.

2006 GROUPE ADEO құрылады.

2007-2009 250px|нобай|оңға|«Леруа Мерлен» гипермаркетіКрасногорск, Мәскеу облысы

Леруа Мерлен Румыния, Украина, Грекия және Түркиядағы қызметінің басталуы.

2008 Леруа Мерлен Румыния мен Украинадағы қызметінің басталуы.

2010 Леруа Мерлен Италиядағы Касторама гипермаркеттер желісінің барлығын сатып алады.

2018 Қазақстандағы алғашқы Леруа Мерлен дүкенінің ашылуы.

Қызықты деректер Компания негізін қалаушы Адольф Леруа өз ісін ашқан кезде оның жасы бар болғаны 22-де болды.

Соңғы 5 жылдың ішінде Leroy Merlin Франция, Италия, Испания және Бразилиядағы DIY нарығында нөмір 1-ші компания болып табылады.

Красногосктегі (Мәскеу облысы) Леруа Мерлен тауар айналымы мен сатып алушылар саны бойынша GROUPE ADEO барлық дүкендерінің ішінде әлем бойынша 1-орынға ие болды.

Дереккөздер

Сілтемелер leroymerlin.kz — Leroy Merlin дүкенінің Қазақстандағы ресми сайты

Санат:Франция компаниялары Санат:АКИТ