Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті — ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік, бағалау қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы.
Тарихы ҚР Президентiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы №684 Жарлығымен Қаржы министрлiгiнiң Бас бақылау-тексеру басқармасы негiзiнде Министрлер Кабинетi жанынан Мемлекеттiк қаржылық бақылау комитетi құрылды.Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы ҚР Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк қаржылық бақылау комитетi (1992—1994) ҚР Мемлекеттiк қаржылық бақылау комитетi (1994—1995) ҚР Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржылық-валюталық бақылау комитетi (1995—1997) ҚР Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (1997—1998)
ҚР Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы №3986 Жарлығына сәйкес Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитеті таратылады.Мемлекеттiк басқару органдарын одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы №1959 қаулысымен Қаржы министрлігінің құрамында Қаржылық бақылау комитеті қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері ҚР Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (1999—2004) ҚР Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi (2004—2008) ҚР Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау комитетi (2008—2016) ҚР Қаржы министрлiгiнiң Ішкі мемлекеттік аудит комитетi (2016—)
Міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын бағалау және тексеру аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы талдау, бағалау және тексеруҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы
Құрылымы Комитеттің 11 басқармасы бар: Персоналмен жұмыс және ведомстволық бақылау басқармасы Қызметті қамтамасыз ету басқармасы Заң басқармасы Сапаны бақылау басқармасы Камералдық бақылау басқармасы Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасы Талдау және есептілік басқармасы Қаржылық есептіліктің аудиті басқармасы Сәйкестік аудиті басқармасы Тәуекелдер басқармасы Мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл басқармасы
Қарамағындағы мекемелер Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменттері
Дереккөздер
І