Салиштер — Америка Құрама Штаттарының солтүстік-батысындағы және Канаданың оңтүстік-батысындағы жергілікті үндіс халқы. Саны 53 мың. Олар 6 топқа бөлінеді: Белла Кула, Солтүстік, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-батыс жағалаулық Салиштер және Тилламук.
Тілі Салиш отбасының тілдері ағылшын тілімен ығыстырылуда.
Діні Дінге сенушілер протестанттар мен католиктер.
Тарихы Салиш немесе флбтхед («жалпақ бастар»). Олар Биттер-Рут өзенінің аңғарында (қазіргі Монтана штатының батысында) өмір сүрді. Жылқы шаруашылығын игергеннен кейін (XVIII ғасыр) олар қараяқтармен (черноноги) жанжалжасып, ұлы жазықтарда бизонды атпен аулауға көшті. XIX ғасырдың басынан бастап еуропалықтармен байланысып жүн саудасына қатысты. 1841 жылдан бастап флатхед аумағында христиан миссионерлері жұмыс істеді.
ХІХ ғасырдағы "үндіс соғыстары" кезінде флатхед АҚШ-қа ниеттес екенін білдірді. 1855 жылы олар жоғарғы калиспел және кутенаймен бірге АҚШ-пен резервация (қазіргі Флатхед) құру туралы келісімге қол қойды. Кутенаймен, жоғарғы калиспелмен және споканның бір бөлігімен бірге "конфедерацияланған салиштер және кутенай тайпалары" (5 мыңнан астам адам) құрылды, олардың жартысына жуығы Флатхед резервациясында (Монтана штатының солтүстік-батысындағы Флатхед көлінің оңтүстігінде), қалғандары АҚШ-тың солтүстік — батыс штаттарында тұрады. 1976 жылдан бастап екі мәдениет комитеті – Салиш және Күтенай (халық ауыз әдебиетін жазу, тіл дамыту) жұмыс істейді.
Кәсібі нобай|оңға|200px|Arlee Celebration 2012 мерекесіндегі бишілер Олар балық аулаумен, терушілікпен, аңшылықпен, теңіз сүтқоректілерін аулаумен, қолөнермен (оның ішінде ағаштан ою, өру, тоқымашылық) айналысқан. Кит аулау тек клаллам мен куинолт (Олимпия түбегі) арасында болған.
Қазіргі салиштер балық аулау және балық өсірумен, ағаш кесумен, жылқы өсірумен, жерді жалға берумен, туристік қызмет көрсетумен, уран өндірумен, қорықтардағы ауыл шаруашылығымен айналысады. Олардың өз мейрамханалары, сауда нүктелері және шағын кәсіпорындары бар.
Тұрмыс салты Ішкі салиш үстірт үндістерінің мәдени-шаруашылық түріне жатады. Жағалаудағы салиштер типі бойынша жағалаудағы үндістерге жатады. Ішкі салиштер тұрғын үйі бөренеден жасалған жартылай жеркепе үйлер немесе қамыспен жабылған төбелі лашықтар болды. Жағалаулардағылар — ағаш немесе жазғы үйлер.
Оңтүстік жағалаудағы салиштердің киімдері — балқарағай қабығынан жасалған жамылғылар мен белдемшелер, жемпір. Сондай-ақ ит пен ешкі терісінен жасалған көрпелер тігілді. Киім мәдени түрі мен климатына байланысты әр түрлі болды.
Азық-түлік негізінен ет, балық және жердегі өнімдерден (жидектер, жаңғақтар, тамырлар, өркендер, пияз) тұрады.
Дереккөздер
Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:АҚШ этникалық топтары Санат:Америка халықтары