Уи́льям Джеймс Дефо́ (, лақап аты Уи́ллем Дефо́, , , 22 шілде 1955 жыл, Аплтон, Висконсин) — америкалық актёр, түрлі марапаттардың, соның ішінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясындағы Вольпи кубогының, сондай-ақ төрт Оскар сыйлығының, BAFTA сыйлығының, үш «Алтын глобус» сыйлығының және төрт киноактёр гильдиясы сыйлығы номинацияларының иегері. Ол жоғары бюджеттік блокбастерлерде де, артхаус жобаларында да ойнайтыны үшін белгілі.
Дефо «Өрмекші-адам» (2002) суперқаһарман фильміндегі супер зұлым Норман Озборн/Жасыл гоблин рөлі үшін көбірек назар алды, ол «Өрмекші-адам 2» (2004) және «Өрмекші-адам 3» (2007) сиквелдерінде және Marvel кинематографиялық әлемінің Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ (2021) фильмінде рөліне «оралды». Ол сонымен қатар Кеңейтілген DC Ғаламы фильмінде «Аквамен» (2018) және Зак Снайдердің Әділет Лигасы (2021) фильмдерінде Нуидис Вулко кейіпкерінің рөлін сомдаған.
Жастық шағы Уильям Джеймс Дефо 1955 жылдың 22 шілдесінде Висконсин штатындағы Апплтон қаласында Мюриэль Изабельдің (туған тегі Сприслер; 1922–2012) және доктор Уильям Альфред Дефоның (1917–2014) отбасында дүниеге келді. Отбасы жайлы 2009 жылы ол «Мені бес әпкем өсірді, себебі әкем хирург, анам медбике болды және олар бірге жұмыс істеді, сондықтан мен екеуін де көп көре бермедім» деген еді. Оның ағасы Дональд Дефо — хирург және зерттеуші ғалым. Оның тегі Дефо — швейцариялық Thevou (Тэву) фамилиясының ағылшынша нұсқасы. Сұхбат кезінде ол отбасының жартысы фамилиясын айтқанда екпінді бірінші буынына берсе (Де́фо), екінші жартысы екінші буынға екпін беретінін айтты. Жоғарғы сынып оқушысы болғанда Уиллем лақап атын алды. Кейінірек ол сол лақап атын өзінің сахналық есімінің бөлігі ретінде қабылдады, себебі ретінде туған есімінен гөрі оған көбірек үйреніп қалғанын өзі айтып кетті.. 2:26 үзінді.
Мектептен кейін Уиллем Милуокидағы Висконсин университетінде драма оқуын бастады, бірақ он сегіз айдан кейін ол жерден кетіп, Милуокидағы Theatre X театр компаниясына жұмысын бастады. 1976 жылы ол Нью-Йорк қаласына көшті. Содан кейін ол «The Performance Group» авангардтық театр труппасының директоры Ричард Шехнердің қол астында шәкірт болды, сол жерде режиссер Элизабет ЛеКомптемен танысып, онымен романтикалық қарым-қатынаста болды. Шехнер мен топтан тыс жерде өз туындыларын қоя бастағаннан кейін басқа мүшелер арасындағы шиеленістерден кейін Шехнер топ құрамынан кетіп қалды, ал қалған мүшелер (соның ішінде ЛеКомпте мен оның бұрынғы жігіті Спалдинг Грей) өздерін Wooster Group деп атады. Көп ұзамай Дефо жаңа компанияға қосылды және оның құрылтайшыларының бірі ретінде есептелді. Ол өзін Голливуд киножұлдызы ретінде танытқаннан кейін 2000 жылдарға дейін топпен жұмысын жалғастырды.
Мансабы Кинематографиялық мансабы Дефо тұңғыш рөлін 1980 жылы, Жұмақ қақпасы фильмінде аталмай қалған кейіпкерді сомдаған. Дефо бар сценаларды кейін фильмнен алып тастаған. Дефоның сақталған тұңғыш рөлі Кэтрин Бигелоудың «Махаббатсыз» фильмінде бар, ол жерде ол байкерлер тобының басшысы рөлін сомдаған еді. Дефоны дүние жүзінде танымал қылған фильм — «Взвод» (1986). Фильм сол жылдың үздік фильмі атанды және Дефо Оскар марапатына тұңғыш номинациясын алды. 1988 жылы Дефо мансабындағы басты рөлдерінің бірін сомдады – актёр Мартин Скорсезенің «Мәсихтің соңғы азғыруы» даулы драмасында Иса Мәсих рөлін сомдады. Сондай-ақ 1989 жылы Дефо Тим Бёртонның Бэтменіндегі Джокер рөлі үшін қарастырылды. «Бэтмен» сценаристі Сэм Хэмм: «Дефо — Джокер рөлін ойнау үшін туған кісі» деп атап өтті. Бірақ рөл әлі де Джек Николсонға берілді.
1980 жылдардың аяғында және 1990 жылдардың бірінші жартысында Дефоны басты рөлдерде де, қосалқы рөлдерде де көруге болады. Ол Алан Паркер, Дэвид Линч, Вим Вендерс сияқты режиссерлермен жұмыс істеген. 1996 жылы ол Энтони Мингелламен бірге «Ағылшын емделушісі» фильмінде ойнады. Майкл Ондатже романының бейімделуі дүниежүзілік кассада 200 миллион доллардан астам табыс тауып, тоғыз «Оскар» жүлдесін жеңіп алды.
2001 жылы актёр екінші рет «Оскар» номинациясын алды, бұл жолы Э.Элиас Меридждің «Вампирдің көлеңкесі» фильміндегі Макс Шрек рөлі үшін. Дафо сонымен қатар «Алтын глобусқа» ұсынылып, Сатурн, Фантаспорту және Тәуелсіз рух марапаттарын алды. Осы фильмде Дефоны көрген продюсерлер оны Өрмекші-адам (2002) фильміндегі басты зұлым кейіпкердің орнына шақырды. Жасыл гоблин рөлі актёрдің «визиттік карталарының» біріне айналды. Өрмекші-адамнан кейін актёр ірі студиялық жобалар мен тәуелсіз фильмдер, сондай-ақ экранда анда-санда көрінетін басты рөлдер арасында ауысуды жалғастырды.
«Флорида жобасы» (2017) фильміндегі рөлі үшін Дефо «Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёр» номинациясында Оскар сыйлығына ұсынылды. Сондай-ақ, 2017 жылы Агата Кристидің аттас романы бойынша түсірілген «Шығыс экспресстегі өлтірушілік» фильмінде Дефо пойыздағы жолаушылардың бірі, профессор Герхард Хардманның рөлін сомдаған.
Театрлық мансабы «Марина Абрамовичтың өмірі және өлімі» — перформанс шебері Марина Абрамовичтың өмірбаянына негізделген қойылым. Түсаукесері 2011 жылдың ақпанында, Манчестерде орын алды. «Кемпір» — Даниил Хармстың аттас шығармасына негізделген физикалық театр жанрындағы қойылым. Роберт Уилсон, Михаил Барышников пен Дефоның бірлесіп ұйымдастырған қойылымы. Тұсаукесері 2013 жылдың 4 шілдесінде Манчестердегі халықаралық фестивальда орын алды.
Жеке өмірі нобай|оңға|Дефо әйелі Джиада Колаграндемен, 2018 Уиллем Дефоның театр директоры Элизабет ЛеКомптеден туған Джек (1982 жылы туған) ұлы бар. ЛеКомптемен Дефо некесіз 27 жыл бірге өмір сүрді. Онымен бірге Дефо әйгілі «The Wooster Group» труппасының негізін қалады.
2005 жылдан бері Дефо италиялық актриса және режиссёр Джиада Колаграндеге (1975 жылы туған) үйленген. Америкалықтан басқа Дефоның италиялық азаматтығы да бар. Италияда тұрғандығынан «кішкене италиянша сөйлейді».
Дефо — пескетарианшы, жануар ұстайтын фермаларды «ғаламшардың жойылуына әкеліп жатқан нәрселердің бірі» ретінде көреді де, сол себептен ет жемейді. Дефо күнделікті аштанга-виньяса-йогамен айналысады.
Фильмографиясы Кинематография