Тигре — эфиосемит халқы, Эритреядағы саны бойынша 2-ші халық (Эритрея халқының 30%). Олар негізінен Гаш-Барка, Ансэба және Сэменауи-Кэйих-Бахри провинцияларында тұрады (1,7 млн.адам – 2016, бағалау). Эфиопияның солтүстігінде 50 мың адам, Суданның шығысында 20 мың адам, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка, Ұлыбритания мен Австралияда елдерінде 100 мыңнан астам адам тұрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4191517 Тигрелердің африкалықтарға қарағанда оңтүстік кавказдық ерекшеліктері бар және Оңтүстік Арабия тұрғындарынан тек қара тері түсімен ерекшеленеді. Олардың шаштары толқынды, беттері ұзын, мұрындары тік және тар. Олар көне Ақсумиттердің тікелей ұрпақтары.Народности Эритреи. https://linozka.livejournal.com/225140.html
Тілі Тілі – тигре тілі, семит тілдері тобына жатады.Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%A2%D0%B8%D0%B3%D1%80%D0%B5 Диалектілері: богос, хабааб, менса.
Діні Тигрелердің шамамен 95% -ы мұсылман, көбінесе сүнниттік мұсылмандар, қалғаны христиандар.Народ тигре https://ru.wikibrief.org/wiki/Tigre_people
Кәсібі Олар егіншілікпен (бидай, теф, бұршақ және т.б.) және мал шаруашылығымен (ірі қара және ұсақ мал), сондай-ақ көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (ірі қара және ұсақ мал, түйе), теңіз жағалауында балық аулаумен айналысады.Народы и культуры Тигре http://www.etnolog.ru/people.php?id=TIGR
Тұрмыс салты Үйлері хедмо - бұл саз, жер және сиыр көңімен араласқан ұсақ тастар мен қиыршық тастардан тұрғызылған биіктігі 2-3 метрлік тікбұрышты үйлер. Үйінің төбесі тегіс.
Дәстүрлі ерлердің костюмі тар қысқа шалбар – сури, ұзын көйлек – камис, жамылғы – шамма және бурнустан тұрады. Әйел костюмі ұзын, қалың көйлек, шамма және бурнустан тұрады. Шалбар тек атқа мінгенде киіледі. Қазіргі уақытта түрлі-түсті маталар танымал, ал соңғы уақытта қара хиджабтардың айтарлықтай сәні пайда болды.
Дәстүрлі тағамдарында энджера деп аталатын ашытылмаған нан шелпек кең таралған. Тұздық бұршақтан, жасымықтан дайындалады, оған сары май мен қызыл бұрыш қосылады. Сүт өнімдеріне сиыр майы, йогурт, қаймақ және сарымсақ қосылған сүзбе жатады. Танымал сусындарға тедж, сумен сұйылтылған ара балы және арпа сырасы жатады.Материал из Большого Справочника https://www.newstest.ru/%D0%A2%D0%B8%D0%B3%D1%80%D0%B5_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)
Дереккөздер
Санат:Эритрея халықтары Санат:Эфиопия халықтары