Астық ағашы (лат. Artocarpus altilis) Үндістан мен Малая аралында өседі. Оның асқабақ тәрізді же­містері болады. Кей­бірінің салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ағаштың же­місінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар осы нан ағашының же­місін бөлшектеп турап, қуырып ас етеді. Сондай-ақ әлгі жемістерді салқын шұңқырға салып, құрамындағы крахмалды ашыту арқылы қамырға ұқсас қоспа алып, одан дәмді тоқаш пісіреді. Ал, нан ағаш гүлдеп біткен кезде, оның тұқымын жинап шикідей де, қуырып та жейді. 21 жастағы бір нан ағашының жемісі 3-4 адамды бір жыл асырап шыға алады.

Дереккөздер

Санат:Тұттар