Бағаналы ауданы — Қырғыз АКСР-дегі Ақмола губерниясы Атбасар уезінің 1920 жылғы мамырдан 1922 жылғы шілдеге дейін болған әкімшілік бірлігі.

Тарихы Бағаналы ауданы Ақмола губерниясы Атбасар уезінің құрамында 1920 жылы 11 мамырда құрылды. Қарсақпай зауыты аудан орталығы болып белгіленді. Ауданға 10 көшпелі болыс кірді: Айыртау, Айнакөл, Жаңа Сарысу, Жезді, Кеңгір, Құмқоңыр, Сарысу, Тораңғыл, Ұлытау, Үлкен Жезді.

1921 жылы 27 желтоқсанда Айнакөл және Үлкен Жезді болыстары Жезді болысына қосылды.

1922 жылы 5 қаңтарда Айыртау болысы Ұлытау болысына қосылды.

1922 жылы 8 қаңтарда Тораңғыл болысы Кеңгір болысына қосылды.

1922 жылы 26 шілдеде Бағаналы ауданы таратылып, оған кірген болыстар Атбасар уезінің тікелей қарамағына өтті.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары