Бозтал — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы ауыл, Бозтал ауылдық округі орталығы. Іргесі 1938 жылы қаланды.
Географиялық орны Аудан орталығы — Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, Өлеңті өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1131810 554 68,4 422 297 70,4 388 257 66,2
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, дүкендер, су құбыры, пошта байланыс бөлімшесі, т.б. бар. Бозталдан 18 км жерден Астана — Павлодар — Өскемен автомобиль жолы өтеді. Аудан орталығымен автобус арқылы қатынасады. Ең жақын теміржол стансасы — Өлеңті (12 км).
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы елді мекендері